Кәмшат Жолдыбаева: Баян ханымды бұрынғы продюсерім деп айтуға аузым бармайды

Фотография - Кәмшат Жолдыбаева: Баян ханымды бұрынғы продюсерім деп айтуға аузым бармайды

Әнші, актриса және тележүргізуші Кәмшат Жолдыбаева шығармашылығындағы жаңалықтарымен және алдағы уақыттағы жоспарымен бөлісті

1555 0

Әнші, актриса және тележүргізуші Кәмшат Жолдыбаева шығармашылығындағы жаңалықтарымен және алдағы уақыттағы жоспарымен бөлісті, сондай-ақ "КешYou" тобында бірге өнер көрсеткен әнші қыздар мен бұрынғы продюсері Баян Есентаевамен қандай қарым-қатынаста екенін әңгімелеп берді.

"Жақында жаңа бейнебаяным шығады. Қазір дайындық үстінде. Екі-үш күнде шығып қалуы керек", - деп басты жаңалығымен бөлісті Кәмшат.

Әншінің айтуынша, 2015 жыл оның өнері үшін өте сәтті болды. «КешYou» тобынан бөлініп шығып, жеке әнші ретінде өнер көрсете бастады. Қазіргі уақытта репертуарында бірнеше әні бар, сондай-ақ биыл 3 бейнебаян түсіріп үлгерген. Бұған қоса, Кәмшат жүргізушілікті қатар алып жүр.

"Жүргізуші болуға ұсыныстар түсіп тұрады. Әрине, бұл да үлкен мамандық. Сондықтан ол уақытты қажет етеді. Ұсыныс жасалса, егер мүмкіндігім болып жатса, одан бас тартпаймын. Оның үстіне бүгін қайырымдылық кеші, сегізінші рет өтіп жатқан үлкен балл. Осындай кештің мүшесі болып, кішкентай болса да өз үлесімді қосып жатқаныма қуаныштымын", - дейді әнші.

Сонымен қатар, Кәмшат «КешYou» тобында көп жыл бірге өнер көрсеткен қыздар мен бұрынғы продюсері Баян Есентаевамен қазір қандай қарым-қатынаста екенін айтып берді.

"Көрісіп қалып жатсақ, тек қуана-қуана араласамыз. Өйткені, бір-бірімізді сағынамыз. Бәрімен болмаса да, Жанармен, Айданамен өте жақсы-қарым-қатынастамын. Бүгінгі таңда топқа келген жас қыздардың өзімен өте жақсы қарым-қатынастамыз. Баян Есентаеваны бұрынғы продюсерім деп айта алмаймын, олай деуге менің аузым бармайды. Бәрібір де Баян ханыммен болсын, Бағым ханыммен болсын қарым-қатынасымыз жақсы. Ол кісілер әрқашан маған қолдау көрсетуге дайын. Соның арқасында да бір жағынан жұмыс жүріп жатыр", - деп ағынан жарылды әнші.

Әңгіме соңында әншіден "Тұрмысқа шығуды ойлап жүрген жоқсыз ба?" деп сұрап едік, жеке өмірін сөз етпейтін Кәмшат "Әзірге ондай жаңалықты естімейсіздер" деп қысқа қайырды.



BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!