Таразда "Үлкен ел – үлкен отбасы" форумы өтті

Фотография - Таразда "Үлкен ел – үлкен отбасы" форумы өтті

Іс-шараға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты.

574 0

Тараз қаласында "Үлкен ел – үлкен отбасы" форумы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын қорытындылауға арналған бұл ауқымды іс-шараға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты.  Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Қасиетті Әулиеата қашан да достық пен ынтымақтың, өзара келісімнің ордасы болған жер. Мұнда татулығы жарасқан, бірлігі ұласқан 80-нен астам этнос өкілдері өңірдің қарқынды дамуы жолында аянбай еңбек етуде. Қазіргі күні Жолдауда қойылған міндеттердің іске асырылуына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы тікелей атсалысуда. Ассамблея мүшелері Елбасы Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық автокеруен құрамында елді мекендерге барып, кездесулер өткізіп қайтты. Яғни, аймақта экономикалық-әлеуметтік игілікті істердің жүзеге асырылуына халықтың ынтымағы ерекше ықпал етуде.

"Сондықтан, еркін ел болу бақытын, тәуелсіздікті, халықтың ын­тымағын жасампаздық игілігіне жарату – біздің бүгінгі патриоттық борышымыз. Біз Ассамблеяның мерейін асыру арқылы Қазақстан халқының мызғымас бірлігі мен ынтымағын ұлықтай түстік. Біз Тәуелсіздігімізді, еге­мен­­дігімізді, елдігімізді әлемге тағы бір паш еттік. Кез келген елдің тілегі де, оның арманы да —  халқының бейбітшілігі. Өйткені, бейбіт өмір — өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Алдағы уақытта да алға қойған басты басымдықтар: азаматтық теңдікті, "Мәңгілік Елдің" құндылықтарын, Үш тұғырлы тілді және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету шаралары Ассамблеяның аясында атқарылмақ. Осы мақсатта Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамалары қабылданып, іске асырылатын болады", деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова.

07.12.2015 TAR-6Елбасы Н. Назарбаев биылғы Жолдауында "Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!" деп, ел бірлігін ерекше атап өтті. Елбасы елімізді жан-жақ­ты жаңғыртудың нақты бағыт­тарын айқындап, осынау жауапты кезеңде «біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» қағидатын ұстана отырып, ел игілігіне тер төге еңбек етуге шақырды. Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаев ҚХА ұйымдастырған "жиырма ізгі іс!" әлеуметтік жобасына қатысушы бір топ этно-мәдени орталық мүшелерін "Мейірімділігіңіз үшін" естелік сыйлығымен марапаттады.

"Биылғы жыл – еліміз үшін тарихи оқиғаларға толы жыл болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылымен бірлесе келген Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Ата Заңның 20 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты айтулы мерекелер — Қазақ елі үшін мәні мен маңызы айрықша зор шаралар. Жамбыл облысында 87 ұлттың өкілдері тұрады. 26 облыстық, 47 аудандық этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Қасиетті Әулиеата өңірі – ежелден достықтың киелі мекені. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеп берген бес институционалдық реформаның төртінші бағыты – бірегейлік пен бірлікті нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясын айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді", деді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев.

Форум соңы жергілікті өнерпаздардың ән шашуына ұласты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!