Астанада Қайрат Нұртастың концертіне байланысты жол қозғалысы шектелетін болды

Фотография - Астанада Қайрат Нұртастың концертіне байланысты жол қозғалысы шектелетін болды

Бүгінде 21 мыңнан астам билет сатылды.

1306 0

2015 жылғы 12 желтоқсанда "Астана Арена" стадионында эстрадалық әнші Қайрат Нұртастың "Мен ғашықпын" атты жеке концерті өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кеш қонақтары белгілі әнші Тимати, Нюша және т.б. Билеттерді сатудан түскен қаржының бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалмақ. Бүгінде 21 мыңнан астам билет сатылды.

Астана қаласының ІІД ақпараты бойынша, жол-патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық көлік пен таксилерден басқа көлік құралдарының қозғалысын шектеу бойыша шараларды қолданатын болады.

Сағат 17:00 бастап концерт аяқталғанша Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының бойында Керей, Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады. Жүргізушілерге Орынбор көшесімен жүру ұсынылады.

Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы концертке келетін адамдарға өз көліктерін қалдырып, қоғамдық көлікпен келуді ұсынады.

Бұдан басқа, көрермендерді жинап, жеткізу үшін келесі мекен жайлардан арнайы 6 рейс (шаттл) жүретін болады:

1) "Қазақстан" СК тұрағы (Қажымұқан к-сі);

2) "Әзірет Сұлтан" мешіті (Қошкарбаев даңғ.);

3) "Нұр Астана" мешіті (шығыс жағындағы тұрақ);

4) Елордалық цирк маңындағы тұрақ (Қорғалжын тас жолының бойындағы тұрақ).

5) Қ. Мұңайтпасов ат. стадионның жанындағы тұрақ (Кенесары к-сі бойынша);

6) "Жастар" театрының тұрағы (бұрынғы опера және балет театры, Затаевич к-сі).

Арнайы рейстік автобустармен жүру құны:

Ересектер үшін 90 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар үшін 40 теңге, жол жүру билеттері жарамсыз.

Кері қайту үшін стадионның тұрағында және "Астана Арена" стадионы аялдамасында Қабанбай батыр даңғылының бойында жоғарыда аталған алты мекен жай бойынша арнайы рейстік автобустар, сондай-ақ, № 10, 12, 27, 28, 30, 40, 43, 51, 61 бағдармен жүретін автобустар тұрады.a



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!