"Қазақстан аруы – 2015" байқауының жеңiмпазы атықталды

Фотография - "Қазақстан аруы – 2015" байқауының жеңiмпазы атықталды

Фото: ©Арман Мухатов

Дауыс беру нәтижесi бойынша 17 жастағы "Ақтау аруы" Әлия Мергенбаева байқау жеңiмпазы атанды.

1566 0

 Астанадағы Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында "Қазақстан аруы – 2015" байқауының ақтық сыны өттi. 17 жастағы ақтаулық ару Әлия Мергенбаева "Қазақстан аруы – 2015" байқауының жеңiмпазы атанды.  


Байқауға жалпы елiмiздiң әр өңiрiнен келген 30 бойжеткен қатысты. Алғашқы айналым нәтижесi бойынша қазылар алқасының iрiктеуiне сәйкес 15 ару келесi кезеңге өттi. Ал кезектi кезеңде "Sherri Hill" голливудтық брендтiң әсем көйлектерiн киiп шығып, осы айналымнан кейiн ақтық кезеңге 5 бойжеткен жолдама алды. Олар – 21 жастағы "Астана аруы" Камила Темiрова, 18 жастағы "Орал аруы" Залата Вероника, 19 жастағы "Талдықорған аруы" Айдана Қанайбаева, 17 жастағы "Ақтау аруы" Әлия Мергенбаева және 18 жастағы "Қарағанды аруы" Рената Нұрғазина.


Байқаудың жеңiмпазын қазақстандықтар тiкелей эфирде онлайн және смс-дауыс беру арқылы таңдады. Сонымен, дауыс беру нәтижесi бойынша 17 жастағы "Ақтау аруы" Әлия Мергенбаева байқауға қатысқан 30 арудың iшiнен оқ бойы озық шығып, байқау жеңiмпазы атанды. Ә.Мергенбаева байқаудың жүлде қоры – 5 миллион теңге және "Алтын Орда" авторлық дизайн үйінің шеберлері дайындаған қазақтардың дәстүрлі этно жасауы табыс етiлдi. Ендi, дәстүрге сәйкес, Әлия Мергенбаева "Әлем аруы – 2016" халықаралық байқауында Қазақстан атынан қатысып, ел намысын қорғайды. 

BNews.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!