Қ.Нұртас концертінен түскен 8 млн теңгені қайырымдылық қорына аударады

Фотография - Қ.Нұртас концертінен түскен 8 млн теңгені қайырымдылық қорына аударады

Танымал әнші Қайрат Нұртас қос қалада өтетін концерттерінің билетінен түскен 8 миллион теңгені қайырымдылық қорларына аударады

849 0

Танымал әнші Қайрат Нұртас қос қалада өтетін концерттерінің билетінен түскен 8 миллион теңгені қайырымдылық қорларына аударады.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 5 бірдей қоғамдық бірлестіктің өкілдеріне сертификаттар табысталды. Атап айтсақ, "Сан адам" қоғамдық қорына 2 миллионның, ал "Үнсіз әлем", "Қазақ зағитар қоғамы" бірлестігі мен "Айналайын балалар-жасөспірімдер" және "Қарлығаш" мүгедек әйелдер қоғамдық бірлестігіне 1,5 миллион теңгенің сертификаттары берілді. Айта кетейік, бүгін елордада әнші Қайрат Нұртас шетелдік әріптестерімен бірге қайырымдылық концерт береді.

Қуанышбек Жаппарұлы, қоғамдық қор өкілі:
 - Қайрат баламыздың үлкен іс атқарып жатқанына шын ниетіммен әкелік алғысымды айтқым келеді. Әрқашан тасы өрге домалай беріп, тек биіктен көрінсін!

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!