Румынияда "Ұлы Дала Елі" деректі фильмі көрсетілді

Фотография - Румынияда "Ұлы Дала Елі" деректі фильмі көрсетілді

None

258 0

Румынияда Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін тойлауға арналған "Ұлы Дала Елі" деректі фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BNews.kz.
Еуропа телеарнасында көрсетілген деректі режиссерлік фильмде Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы, Егеменді Қазақстанның қалыптасуында Елбасының шешуші рөлі, Астананың белгілі халықаралық іс-шараларды, атап айтқанда, "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізуі және АТОМ жобасы бастамалары туралы баяндалады.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, фильмді TVR1басты румын телеарнасының журналистері дайындады. Фильмнің режиссері, румын теледидарының белгілі қайраткері Дана Дяк жобаны үлкен қызығушылықпен іске асырып, еліміз бен халқымыздың ұлағатты тарихы мен қазіргі кездегі жетістіктерін паш етті.
Фильм ағымдағы жылдың қазан айында Астана, Алматы, Тараз, Түркістан және Атырау қалаларында Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінің, ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің, қала әкімшіліктерінің, Қазақстан туристік ассоциациясының қолдауымен түсірілді.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!