Azary&Kleo дуэті мен Қазақстан әншілері жаңа жылдық хит жазды

Фотография - Azary&Kleo дуэті мен Қазақстан әншілері жаңа жылдық хит жазды

Сурет vk.com

Қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Azary&Kleo дуэті "Жаңа жылыңмен, Қазақстан" атты жаңа әннің тұсауын кесті

282 0

Қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Azary&Kleo дуэті "Жаңа жылыңмен, Қазақстан" атты жаңа әннің тұсауын кесті. Әртістердің айтуынша, "Әр Жаңа жыл өзімен бірге ғажайып сый әкеледі. Ал бір әнді мұншама әншінің қосыла шырқауы – мұның өзі кішкентай ғана жаңажылдық ғаламат".

21 желтоқсанда Диана Шарапова, Зарина Омарова, All Davai ұжымы, Серік Ибрагимов, Kental мен Azary&Kleo дуэтінің қатысуымен «Жаңа жылыңмен, Қазақстан» атты әннің тұсаукесері өтті.

"Қазақстанды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтағымыз келді. Қазақстандық жұлдыздарсыз бұл мүмкін бе?! Біз түрлі концерттерде болдық, әртістермен таныстық. Солардың арасынан көзімізге оттай басылған әншілердің бірі Серік Ибрагимов болды. Өте көңілді әрі албырт жігіт. Оның біздің жобаны қолдап, бірге жұмыс істеуге келіскендердің қатарынан табылғанына өте қуаныштымыз", - дейді Azary.

Оның айтуынша, жаңа ән шығару идеясы күтпеген жерден пайда болған. Көңілді, есте қаларлық және әр қазақстандықтың жүрегінен орын табатын туынды шығаруды мақсат еттік. Ән мен клипті студияда жазуды ұйғардық, дейді әнші.

"Кейбір әншілердің бұл әнді форматыма сай емес деп, орындаудан бас тартып жатқаны қынжылтты. Біз қандай да бір форматты көздегеніміз жоқ, біз бар болғаны мерекелік көңіл-күй сылайтын жаңажылдық ән шығарғымыз келді", - дейді Kleo дуэтінің солисті.

Жаңа ән екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде орындалады.




BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!