Иосиф Кобзон жол ережесін бұзу үшін салынған 200-ден астам айыппұлды төлемеген

Фотография - Иосиф Кобзон жол ережесін бұзу үшін салынған 200-ден астам айыппұлды төлемеген

Әнші Иосиф Кобзон биыл жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынған 200-ден астам айыппұлды өтемеді

226 0

Әнші Иосиф Кобзон биыл жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынған 200-ден астам айыппұлды өтемеді, деп хабарлады LifeNews.

Телеарна ақпаратынша,  "МММ"  сериясындағы номері бар әртістің Mercedes көлігін белгіленген жолақтар мен жылдамдықты асыру бойынша жиі көзге түскен. Әртіс төлемеген айыппұлдардың жалпы көлемі  200 мың рубльден асты.

"Айыппұлдардың барлығы көлікті өзгелердің басқарғанына қарамастан,  автомобиль иесіне келеді. Бұл факт адамды жауапкершіліктен босатпайды", - деді құқық қорғау органдарында. Көлік иесі әр айыппұл үшін жауапқа тартылатыны айтылды.

Кобзонның баспасөз хатшысы БАҚ-қа әнші үнемі айыппұлдарды төлейтінін айтты.

"Мен үнемі сот орындаушылар қызметімен байланысқа шығып, оның айыппұлдарын тексеріп отырамын", - деді ол. Баспасөз хатшысы әншінің жүргізушісі тәртіпті екенін атап өтті. Кобзон өзі Mercedes көлігін жүргізбейді.



 ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!