"Астана Опера" қойылымдарын Италия телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Фотография - "Астана Опера" қойылымдарын Италия телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Отандық опера өнерінің тарихында алғаш рет қазақстандық вокалистердің қатысуымен Италияда өтетін "Богема" спектаклі өтеді

368 0

"Астана Опера" театры солистерінің көне итальяндық "Карло Феличе" театры сахнасында әйгілі режиссер Этторе Сколаның қойылымындағы Дж. Пуччинидің "Богема" операсында қалай өнер көрсеткенін онлайн тамашалауға болады

Отандық опера өнерінің тарихында алғаш рет қазақстандық вокалистердің қатысуымен Италияда өтетін "Богема" спектаклі көрерменге 27, 29 желтоқсанда; 2 және 3 қаңтарда ұсынылады. Онлайн-көрсетілім 29 желтоқсанда сағат 01:10 (Астана уақыты) "Карло Феличе" театрының онлайн-телеарнасында (http://www.streamingcarlofelice.com/la-boheme-2.html) көрсетіледі. Классикалық музыканы сүйер қауым үзіліс кезінде сүйікті әртістерінің Генуяда қалай жұмыс істегені және өз кейіпкерлерін қалай сомдап шыққаны жайлы берген сұхбаттарын тыңдай алады.

27, 29 желтоқсанда және 3 қаңтарда Айгүл Ниязова Мимидің партиясын, Медет Шотабаев Рудольфты, Салтанат Ахметова Мюзеттаны, Талғат Мұсабаев Марсельді, Евгений Чайников Шонарды, Артур Қайыпқұлов Колленді шырқайтынын, ал 2 қаңтарда "Астана Опера" солистерімен бірге Мими партиясын италиялық сопрано Серена Гамбертони, Рудольфты Леонардо Каими орындайтынын естеріңізге саламыз.

Италияда либреттоның мәтініне және нақышына келтіріп айту мәнеріне вокалистердің тілін коучтар жаттықтырып жатыр. 24 қарашадан бастап жаттығуларға бірлескен дайындық, костюмдерді өлшеу және сахналық жұмыстары қосылды.

Қоюшы топтың айтуынша, оларды қазақстандық жас әншілер өздерінің вокалдық мүмкіндіктерімен, жарқын актерлік және әртістік шеберлігімен таң қалдырған. Олар режиссерлік тұжырымдаманы жеткізіп қана қоймай, қойылымдағы әр кейіпкердің бейнесіне өздерінің ерекше үлесін – оқыс қимылмен қызықты қолтаңбаларын қоса отырып, қойылымды көрнекті етіп, кейін олар толық құраммен орындаған кезде осының бәрі ескеріледі.

Жұмыстары қалай жүріп жатқанын сұрағанда халықаралық байқаулардың лауреаты Евгений Чайников былай деп жауап берді: қазақстандық музыканттар үлкен бір тату-тәтті отбасындай бір-біріне көмектесуде. Бұл сапар бізге баға жетпес кәсіби тәжірибе беріп қана қоймай, вокалистер үшін ең маңыздысы – итальяндық тілді үйренуге себеп болды.

«Астана Опера» солисі Артур Қайыпқұлов бас дауысты Габриеле Сагон келе алмай қалғанда күтпеген жерде итальяндық құраммен сахнаға шыққан. – Әріптестерімізбен жұмыс істеген өте қызық. Мими мен Мюзеттаның рөлін белгілі опера прималары – Фьоренца Чедолинси және Дезире Ранкаторе орындайды.

Генуялық көрермен қазақстандық әртістермен 29 қарашада жексенбілік концертте танысып үлгерді, кеште олар қазақ музыкалық классикасының үздік туындыларын паш етті. Олар өнер көрсеткенде зал лық толып, көрермен орындаушыларымыздың шығармашылығына тәнті болған.

Италиядағы солистермен бірге "Астана Опера" театрының концертмейстері Долорес Үмбетәлиева қойылым бойынша екі апта жұмыс істеп келді. Қазақстандық опера театрларының тарихында концертмейстер осындай өзара шығармашылық тәжірибе алмасуға алғаш рет қатысқанын атап өткен маңызды.

- Қойылымға бар күшін салып қатысатын көптеген мамандар қатыстырылған. Осы үлкен жұмыс тобындағы тәртіп зор әсер қалдырды. Театрда тәжірибелі пианиношылар бірде-бір нотаны жібермей, динамиканы сақтай отырып, қатесіз орындайды. Италиялық музыканттардың концертмейстерге ізетпен қараған сыйласымды қарым-қатынасы қуантты. Мені фортепианода ойнау сапасы мен нақышы жағынан бір-бірімізден біршама ерекшеленетініміз таң қалдырды. Бұған әркімде пианино мектебі әртүрлі келетіні басты себеп болуы мүмкін деген ойға келдім, – дейді халықаралық байқаулардың дипломанты Долорес Үмбетәлиева.

Тұсаукесер алдында «Карло Феличе» театрында басшылық құрамы қатысқан баспасөз мәслихаты өтті. Спектакльдің қоюшы дирижері, театрдың көркемдік жетекшісі Джузеппе Акуавива қазақстандық солистерді тілшілермен таныстырғаннан кейін, «Астана Операның» жетекші солисі Салтанат Ахметова италиялық ұжымға, театр басшылығымен бірігіп еңбек еткен қойылым тобына алғыс айта отырып, тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

"Богема" – италиялық кинематография классигі, көптеген танымал сыйлықтардың лауреаты, 84 жастағы Этторе Сколаның соңғы он жылдағы бірінші қойылымдық операсы. Маэстро актерлік өнердің табиғи, оқыс қимылдайтын стилін таңдаған. Лучано Риччеридің көрнекті, аса қымбат сценографиялық құрылымдық декорациялары орталық үш қабатты ғимарат ретінде көрсетілген, ол бірде жас богемалар тұратын қарапайым тұрғын-жайға айналса, бірде кедендік қақпа жанындағы таверна – Момус кафесіне, содан кейін қайтадан париждік мансардаға айналады. Ортадағы декорацияның екі жағында XIX ғасырдың ортасындағы париждік архитектура нақышындағы кішірек екі ғимарат орналасқан. Кристина да Ролдтың таңдаулы, әдемі костюмдері қойылымның рухын айқындай түседі.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!