Қазақстан құрамасы "Намыс доданың" жеңімпазы атанды

Фотография - Қазақстан құрамасы "Намыс доданың" жеңімпазы атанды

Кеш қонақтары Қытай, Венгрия, Франция және Алжир құраламаларынан оқ бойы озық шыққан ұлттық құраманы барынша қолдап, қолпаштап отырды.

161 0

5 желтоқсан күні "Қазақстан" телерадиокорпорациясы Алматы - "Мега парк" ірі сауда орталығында "Намыс дода" халықаралық жобасының финалын жұртшылықпен бірге тамашалауды ұйымдастырды, деп хабарлады Ұлттық арнаның баспасөз қызметінен.Бұл кешке жиналған жанкүйерлер мен сауда орталығына келушілер отандық эстрада жұлдыздары мен танымал спортшылардың ортасында тартысқа толы финалды көрді. Осы жобаның тарихында Қазақстан құрамасы екінші мәрте жеңімпаз атанды.

Ұлттық құраманы қолдауға Майра Ілиясова, Айгүл Иманбаева, Төреғәли Төреәлі, Асхат Тарғынов сияқты танымал өнер адамдарымен қатар, Бейбіт Назар (джиу-джитсу бойынша ҚР 2 дүркін чемпионы), Ақбар Жармағанбетов (бодибилдинг бойынша ҚР 2 дүркін чемпионы), Ернұр Оспанов (танымал цирк акробаты), Алмагүл Кашина (самбо бойынша Қазақстан чемпионы), Руслан Қамзаев (ережесіз күрес бойынша Әлем чемпионы), Дәулет Өсербай (әскери самбо бойынша Қазақстан чемпионы), Сырым Бектұрсын (әскери самбо бойынша Қазақстан чемпионы) және т.б. танымал спортшылар мен спорт шеберлері келді.

Кеш қонақтары Қытай, Венгрия, Франция және Алжир құраламаларынан оқ бойы озық шыққан ұлттық құраманы барынша қолдап, қолпаштап отырды.

Еске сала кетейік, 2007 жылы Қазақстан құрамасы аталған турнирде төртінші орынды иеленсе, 2008 жылы екінші орынды, ал 2012 жылы жеңімпаз атанып, бас жүлдені иеленген болатын. Биылғы жарыс қытайдың Хайнань аралындағы Хайкоу қаласында өтті. Қазақстандық құраманың бас бапкері - ММА бойынша әлем кубогының иегері, аралас жекпе-жек бойынша үш дүркін әлем чемпионы, Еуропа және Азия чемпионы - Ардақ Назаров. Құрамаға Қазақстанның ең белсенді және танымал өкілдері қатысты, атап айтқанда: олимпиада чемпиондары, әр түрлі спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары, сондай-ақ өнер саласының зиялылары бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!