"Іңкәр жүрек" атты көпсериалы мелодрама көрерменге жол тартады

Фотография - "Іңкәр жүрек" атты көпсериалы мелодрама көрерменге жол тартады

Жаңа сериалдың басты кейіпкері – Сәуле есімді қыздың өзінің бақытын табу жолында қиындыққа толы сынақтардан өтуде қиын тағдыры жайлы

1063 0

"Қазақстан" ұлттық арнасы жаңа жылда өз көрермендерін көптеген жаңа және шытырман оқиғаларға толы сериалдармен қуантады. Бұл жолы көрермендер назарына «Іңкәр жүрек» атты көпсериалы мелодрама ұсынылады, деп хабарлайды "Қазақстан» РТРК" АҚ баспасөз қызметі. 

Жаңа драмалық сериалдың басты кейіпкері – Сәуле есімді қыздың өзінің бақытын табу жолында қиындыққа толы сынақтардан өтуде қиын тағдыры жайлы. Басты кейіпкеріміз жас кезінен бастап көптеген қиындықтардан өту үшін сын-тегеуірініне тап болды. Көз жасын төгу, түнілу және көптеген кедергілерге қарамастан өзі бұрыннан армандаған мамандығын тәмандап, жетістікке қол жеткізген сәнгер болды.

Ауылдан шыққан қарапайым қыздан табыскер сәнгер жолын фильмде Сәуленің бұрынғы күйеуіне жазган хаттарынан көре аламыз. Сәуленің аяғы ауыр еді, бірақ күйеуіне айтпастан кетіп қалады. Сол кездегі қиындықтармен қоса жұмыс, баланы бағу мен асырау мойнына жүктеледі.

15 жыл өткен соң Сәуле өз қызын бұрынғы күйеуімен (яғни қызының әкесі) танысытыру және уақытша қалдырып кету үшән туған ауылына оралуға бел буады. Жинап келгенде тағдыр басты кейіпкерімізді бұрынғы күйеуімен қайта жолықтырып, көптеген оқиғалар қатарына ұластырып кетеді. Сәуле ойлағандай енді ғана барлығы өз орындарына тұрды деген кезде тағы да тағдыр тосын сынақтар дайындап койды. Жиеленіп кеткен қиындықтар, іскерлік ортадағы шиеленістер барлық сериалар бойы басты кейіпкерді күтіп тұр. Көрермендердің сериал соңына дейін назарын ауытқусыз аударатындай нағыз өмірлік драма өрбиді.

Кинотуындының әрбір жаңа сериясында көрермендер басты кейіпкерлердің бастарынан өткен сезімдерді бірге сезінуге мүмкіндігі туады. Алда махабат пен сатқындық, қателік пен өкініш, қуаныш пен қайғы бірге сабақтасқан күтіп тұр.

Осындай әсерлі оқиға әрі қарай қалай өрбиді және немен аяқталатының "Қазақстан" арнасының көрермендері "Іңкәр жүрек" атты жаңа өмірлік хиқаядан 16 қаңтардан бастап тамашалай алады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!