Астана Опера "Рождествоның жұлдызды музыкасы" концертін ұсынады

Фотография - Астана Опера "Рождествоның жұлдызды музыкасы" концертін ұсынады

Алғаш рет Камералық залдың сахнасында хор ұжымы Бейімбет Демеуовтің өңдеуіндегі Сәкен Сейфуллиннің "Тау ішінде" шығармасын орындайды

246 0

Опера Қысқы мерекелер - демалыс пен күнделікті тұрмыс тіршілігіне алаңдамайтын уақыт. "Астана Опера" театры қаңтар күндерін өзінің жарқын да шынайы әсерлерімен толық қуанта алады: 7 қаңтарда Камералық залдың сахнасында "Рождествоның жұлдызды музыкасы" атты концертіне өзінің көрерменін шақырады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

- Қалыптасқан дәстүр бойынша православтық Рождествода біз концерт береміз. Біз "Астана Опера" Камералық оркестрінің саусағынан бал тамған музыканттарының тамаша ойыны мен театр хорының орындауындағы акапела музыкасының жанкүйерлерін бұл кешті бірге өткізуге шақырамыз, - деп атап өтті ҚР еңбек сіңірген қайраткері, бас хормейстер Ержан Дәуітов.

Хор өнерін сүйетін тыңдарманды ғұлама композиторлар: П. Чайковскийдің, Г. Свиридовтың, П. Чесноковтың, П. Турчаниновтың шығармаларымен кездесу, эстон композиторы Арво Пёрттің "Шаттан, Құдай ана Дево" туындысы, сонымен қатар тыңдарманның көңілін көтеретін қазақ, орыс, украина, неміс, халық әндері, попурри, әзіл композициялар күтуде. Бұдан басқа, көрерменге қазақ композиторларының да туындылары ұсынылады. Алғаш рет Камералық залдың сахнасында хор ұжымы Бейімбет Демеуовтің өңдеуіндегі Сәкен Сейфуллиннің "Тау ішінде" шығармасын орындайды.

«Астана Опера» театрының хоры халықаралық деңгейдегі көптеген марапаттарды иеленгенін еске сала кетейік. Барлық спектакльдерге жанын салып қатысатын оның құрамы дауыс жағынан әлемдік мэтрлердің жоғары бағасын алды, олардың арасында Валерий Гергиев, Пьер Луиджи Пицци, Елдар Әбдіразақов және т.б. бар.

Концертке ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов жетекшілік ететін "Астана Опера" Камералық оркестрі қатысады. Музыканттар ұлы композиторлардың шығармаларын: Е. Цимбалистің Римский-Корсаковтың "Алтын Қораз" операсы тақырыптарына жазған фантазиясы, О. Ридингтің оркестр мен скрипкаға жазған концерті және басқаларын орындайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!