"Орал сазы" филармониясы НЬю-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде концерт берді

Фотография - "Орал сазы" филармониясы НЬю-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде концерт берді

Нью-Йорктағы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Ұлы дала елінің әуендері шырқалды.

109 0

Нью-Йорктағы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Ұлы дала елінің әуендері шырқалды.

Атақты Ғарифолла Құрманғалиев атындағы "Орал сазы" филармониясы қазақстандық және шетелдік композиторлардың әндерін орындады. Мұндай керемет кешті БҰҰ-ның 100-ден астам мемлекеттегі өкілдері тамашалады. Батысқазақстандық өнерпаздар Құрманғазы, Тәттімбет пен Дәулеткерей, Нұрғиса Тілендиев, Ескендір Хасанғалиев сынды біртуар өнер саңлақтарының шығармаларын нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ оркестр мүшелері әйгілі Моцарт мен Брамстың және «Битлз» тобының әуендерін де тартты. Ал музыканттардың өнеріне тәнті болған халықаралық ұйымның қызметкерлері мен дипломаттар өнер ұжымын тағы да гастрольдік сапар жасауға шақырды.

Айта кетейік, "Орал сазы" филармониясына биыл 50 жыл толады.

Асқар Кенжеғалиев, «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің әртісі:
 - Кешеден бері жалғасып жатқан апталық мәдени шараға өзіміздің үлесімізді қосып, қазақтың ұлттық өнерін насихаттау мақсатында келдік. Өте қуаныштымыз.

Рубен Замора, Сальвадор Республикасының БҰҰ тұрақты өкілі:
 - Мен Орталық Америкадан келіп отырмын. Бүгінгі кеште өнерпаздардың өнеріне қанық болдым. Қазақ оркестрі көпке танымал шығармаларды құлақ құрышымызды қандыра отырып орындады. Ал өнерпаздардың киген ұлттық нақыштағы киім үлгісі көз жауын алады. Өз өнерімен бізді тәнті еткен қазақ еліне алғысымыз шексіз.

Рияд Мансур, Палестинаның БҰҰ тұрақты байқаушысы:
 - Қазақ фольклорлық музыкасы қандай керемет! Музыканың құдіреті сол ешбір ұлтқа, мемлекетке бөлінбейді. Бүгін сіздердің филармонияларыңыз осыны дәлелдеді.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!