Белгілі актер Меңтай Өтепбергенов дүниеден озды

Фотография - Белгілі актер Меңтай Өтепбергенов дүниеден озды

Алматыда бүгін ҚР Еңбек сіңірген әртісі Меңтай Өтепбергенов көз жұмды

286 0

Алматыда бүгін ҚР Еңбек сіңірген әртісі Меңтай Өтепбергенов көз жұмды, деп хабарлайды Қазақфильмнің баспасөз қызметі. Актер 69 жасында айықпас дерттен көз жұмды. 

Меңтай Смағұлұлы Өтепбергенов 1946 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудуданы Беген ауылында дүниеге келген. Мәскеу цирк училищесінің Алматыдағы филиалының клоунада және пантомима бөлімін (1968), Бүкілодақтық кинематография институттын бітірген (1974). 1969 -70 ж. "Гүлдер" ансамблінде өнер көрсетті. 1974 жылдан "Қазақфильм" киностудиясының актері. Ол 40-тан астам киноға түскен. "Біз – ересектер" (1980), "Жаушы" (1980), "Ақ шаман" (1983), "Жеңімпаз" (1984), "Интердевочка" (1991), "Шанхай" (1996), т.б. фильмдерінде ойнаған. Сондай-ақ, "Маркалардағы әлем киносының тарихы" атты кітаптың авторы. Кітаптың тұсаукесер рәсімі Канн қаласындағы 51-ші Халықаралық кино-фестивалінде өтті.

ҚР Кинематографистері одағының хатшысы (1999-2001).

"Құрмет" орденімен, "Қажырлы еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл мерейтойы құрметіне" (1970) медалімен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1996).

Үйленген. Жұбайы - Таумурзина Айша (1949 жылы туған), Қазақ радиосының режиссері. Ұлдары - Өтепбергенов Серік (1974 жылы туған), кинорежиссер; Өтепбергенов Берік (1982 жылы туған), клиптер мен жарнама роликтерінің режиссері. 

Сонымен қатар, Меңтай Смағұлұлының есімі Қазақстанда пантомимо өнерін қалыптастырушы ретінде тарихқа жазылғанын атап өткен жөн. Актерді жерлеу рәсімі 7 қаңтар күні өтеді.


BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!