"Қаллеки" театрына жаңа басшы тағайындалды

Фотография - "Қаллеки" театрына жаңа басшы тағайындалды

Театрдың жаңа директоры болып Айболат Сексенбаев тағайындалды

243 0

Астана қаласы әкімшілігі мен мәдениет басқармасының шешімімен Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры болып Айболат Сексенбаев тағайындалды. 

Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлап отыр.  

Айболат Жанғалиұлы Сексенбаев  1978 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Пятимар совхозы, Аққұс ауылында дүниеге келген. 1995-1999 жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Менеджер және театр ұжымын басқарушы" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999-2000 жылдары. Орал қаласындағы «ТДК-42» телеарнасында редактор қызметінде бастады. 2000-2006 жылдары. Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында әкімші, бас әкімші қызметін атқарды. 2005-2007 жылдар аралығында Қарағанды экономикалық университетін "Заңгер" мамандығы бойынша тәмамдады. 2006 жылдан бастап аталмыш театрда директордың көрермен жөніндегі орынбасары,  2012 жылдан театр директорының бірінші орынбасары болған.  2013 жылдың 1 қарашасынан бастап, Астана қаласы әкімдігінің "Жастар театры" МКҚК директоры болып тағайындалған. 2016 жылдың 5 қаңтарында Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметіне тағайындалып отыр.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!