"Война и мир" телехикаясына түскен актерлер Толстойдың романын оқымаған

Фотография - "Война и мир" телехикаясына түскен актерлер Толстойдың романын оқымаған

Бұл туралы The Daily Telegraph хабарлайды

307 0

BBC арнасы бойынша көрсетіліп жатқан "Война и мир" телехикаясының актерлері Толстойдың бұл кітабын оқымаған. Бұл туралы The Daily Telegraph хабарлайды.

Тарихи сериалды түсіруге кеткен екі жыл ішінде олардың бір де бірі "Война и мир" туындысын толық оқымаған. Тек бас кейіпкер Наташа Ростованың образын сомдаған Лили Джеймс атақты романнан аздап сусындаған. Бірақ, мұның өзінде, актриса осы рольге бекітілгені туралы нақты белгілі болғаннан кейін ғана қимылдаған. Ол кітапты осы күнге дейін тауысып оқи алмай келеді екен.

Ал князь Болконскийдің ролінде ойнаған актер Джеймс Нортон дубльдер арасында 10 беттен тиіп-қашып оқып жүріп, ақыры жуырда ғана оқып бітіріпті. Енді британдық әртіс мұнысын жұртқа айтып, мақтанып жүрген көрінеді.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!