"Алтын глобус" киножүлдесінің жеңімпаздары анықталды

Фотография - "Алтын глобус" киножүлдесінің жеңімпаздары анықталды

Беделі жағынан тек "Оскарға" ғана жол беретін бұл жүлдені "Драмалық фильмдегі үздік актер" номинациясында Леонардо Ди Каприо алды

240 0

Лос-Анджелесте Шетелдік журналистер ассоциациясы бекіткен "Алтын глобус" киножүлдесін табыстау рәсімі өтуде. Беделі жағынан тек "Оскарға" ғана жол беретін бұл жүлдені "Драмалық фильмдегі үздік актер" номинациясында Леонардо Ди Каприо алды. Америкалық киноакадемияның сыйлығынын әлі де құр қалып келе жатқан Ди Каприо бұл премияны "Выживший" фильміндегі ролі үшін иеленді. Осы номинация әйелдер арасында актриса Бри Ларсонға берілді. Ол ирландиялық режиссер Леонард Абрамсонның "Комната" фильмінде драмалық рольді ең үздік сомдаған болып танылды. "Үздік режиссер" номинациясы мексикалық Алехандро Гонсалес Иньярритуге бұйырды. Ди Каприомен салыстырғанда, "Оскарды" бір рет болса да, алып көрген бұл режиссер сол Леонардо ойнаған "Выживший" туындысы үшін марапатталды, деп жазады 24.kz сайты ТАСС -қа сілтеме жасап.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!