Әлемге танымал музыкант Дэвид Боуи көз жұмды

Фотография - Әлемге танымал музыкант Дэвид Боуи көз жұмды

Дэвид Боуи өмірінің соңғы күндерін өз отбасының ортасында өткізді

175 0

69 жасында бұкіл әлемге танымал британдық әнші Дэвид Боуи қайтыс болды. Өмірінің соңғы 18 айын ол қатерлі ісікпен күресіп келген, деп хабарланған әртістің Facebook-тегі ресми парақшасында.

"Дэвид Боуи өз отбасының ортасында көз жұмды. Көпшілігіңіз қазаға байланысты қайғы бөлісіп жатсаңыздар да, мұндай сәтте отбасының жеке өмірін құрметтеулеріңізді сұраймыз", — делінген ресми хабарламада.

8 желтоқсан күні – Дэвид Боуи 69 жасын атап өткен болатын. Өзінің туған күнінде музыкант 25-ші альбомын жарыққа шығарды. Blackstar альбомына сегіз ән енген.

Дэвид Боуи өзінің ерекше мінезді дауысымен белгілі. Музыкант және орындаушы ретінде ол өзінен кейінгі әншілерге әсер еткені сөзсіз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!