Қытай миллиардері "Бэтменді" түсірген киностудияны 3,5 милиардқа алды

Фотография - Қытай миллиардері "Бэтменді" түсірген киностудияны 3,5 милиардқа алды

Ван Цзяньлинь 2015 жылы Forbes журналының тұжырымы бойынша Қытайдың ең дәулетті бизнесмендерінің тізімінде көш бастады

155 0

Қытайдың ең қалталы азаматы саналатын бизнесмен Ван Цзяньлиньнің Dalian Wanda Group компанясы Legendary Entertainment америкалық киностудиясын 3,5 млрд долларға сатып алды.

Ақпарат агенттіктерінен хабарлағандай, бизнесменнің айтуынша, енді оның компаниясына студияның барлық фильмдері мен зияткерлік меншіктері қоса өтеді. Legendary Entertainment 15 жылда 50-ден аса кино түсіріпті, оның ішінде режиссер Кристофер Ноланның елге танымал "Бэтмен" фильмі де бар.

Одан бөлек, студияда түсірілген аса танымал картиналардың ішінде "Интерстеллер", "Мир Юрского периода", "Багровый пик", "300 спартанцев" және "Мальчишник в Вегасе" кинотуындыларын атап өтуге болады.

Ван Цзяньлинь 2015 жылы Forbes журналының тұжырымы бойынша Қытайдың ең дәулетті бизнесмендерінің тізімінде көш бастады. Оның бар жиған-тергені 300 млрд доллардан асады. Ал Wanda Group компаниясы әлем бойынша ең ірі кинотеатр операторларының қатарында. 


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!