Актер Санжар Мәдиев Голливуд шәкіртақысын жеңіп алды

Фотография - Актер Санжар Мәдиев Голливуд шәкіртақысын жеңіп алды

Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқау 5000 қатысушының ішінен тек 15 жас актерді ғана іріктеп алады.

213 0

Отандық кино саласында ең жоғары сұранысқа ие актер Санжар Мәдиев The Hollywood Immersive 2016 бағдарламасының шәкіртақысын жеңіп алды.
Байқаудың ресми парақшасында Санжар Мәдиевтің аты-жөні Лос-Анджелесте оқу мүмкіндігіне ие болғандардың тізімінде жарияланған.
"Бұл жолы Голливуд мені таңдады. Енді Лос-Анджелеске өзімнің актерлік шеберлігімді арттыру үшін аттанамын! Әрқашан ізденісте болсаңыз, мақсатыңызға жетесіз! Тек өзіңізге сеніңіз", – деп жазды актер Facebook парақшасында.
Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқау 5000 қатысушының ішінен тек 15 жас актерді ғана іріктеп алады. Байқауға қатысу үшін үміткерлер өздерінің арнайы актерлік бейнежазбаларын жіберуі тиіс болатын.
Аталмыш Голливуд шәкіртақысы актерлік шеберлікті жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған. Жеңімпаздар 8 күн Голливудта шығармашылық тәжірибесін шыңдамақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!