Қазақстандық әнші Абай Бегей Кубаға кетіп барады

Фотография - Қазақстандық әнші Абай Бегей Кубаға кетіп барады

Ол Кубада Sin Frontera тобымен бірге клип түсіруді жоспарлап отыр

478 0

Қазақстандық шоу бизнестің жарқын жұлдызы, танымал әнші Абай Бегей Куба еліне барып клип түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы әншінің өзі мәлімдеді. Оған бұл ұсыныс кубалықтардың тарапынан түскен. Дәлірек айтқанда, "Sin Frontera" тобы Куба елінде өздерінің концертін бермекші. Сол концертке Абай Бегей қонақ ретінде шақырылып өзінің танымал "Аспанға қараймын" әнін орындайды. Сондай ақ, Sin Frontera тобымен бірге клип түсіру ойларында бар.Кубаға осы жылдың екінші ақпанында аттанып он жетісінде елге оралмақ. Осы аралықта кубалық режисерлармен бірлесіп жаңа клип жұмыстарын жүргізеді. Негізінде Кубаға сапарды жазда жоспарлаған. Алайда беймезгіл келген Абай Бегейдің жұбайының қазасы жоспарларын кейінге шегеруіне мәжбүрлеген. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!