Әнші Бүркіт пен Сәкен Майғазиев нәрестелерінің есімін қойды

Фотография - Әнші Бүркіт пен Сәкен Майғазиев нәрестелерінің есімін қойды

Бүркіт ұлының есімін Омар деп қойса, Сәкен Майғазиев қызының есімін Мәриям деп қойған.

1275 0

Әнші Бүркіт жақында туылған сәбиіне Омар деп ат қойды, — деп хабарлайды Baistars.kz. Бұл туралы әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді. Бұл есімді әншінің әкесі таңдапты.

"Ал, құрметті ағайын, достар, жерлестер! Атасы азан шақырып, немересінің есімін Омар деп қойды. Екінші ұлымның есімі Омар Бекжігіт. Аллах разы болсын! Дені сау үлкен азамат болып өссін. Елінің сүйікті ұлы болсын! Атсалысқан достарға үлкен алғысым! Сіздер барда біз бақыттымыз, халқым", – деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Еске салайық, оcыдан бірнеше күн бұрын әнші Бүркіт пен оның жұбайы Аиша екінші рет ұлды болды. Жұптың бұдан өзге Зеиін есімді ұлдары бар.

Сонымен қатар, Сәкен Майғазиевтің қызы 14 қаңтарда дүниеге келген болатын. Жұптың Әділет (17 жаста) есімді ұлы және Райана (2,5 жаста) есімді қызы бар.
Әнші Сәкен Майғазиевтің қызына Мәриям деген ат қойылды. Әнші бұл жайында Instagram желісінде сүйінші сұрай хабарлады.
Айта кетейік, орындаушы осыған дейін әлеуметтік желіде қолданушылардан үздік есімдерді ұсынуын сұраған еді. Алайда ол ұлы Әділеттің айтқан нұсқасын таңдапты. "Көңiлi көлдей кең, тiлегi теңiздей телегей ҚАЗАҒЫМ, рахымдылардың рахымдысы РАББЫМыз баршаңызға разы болсын! Белсенділік білдірген баршаңызға алғыс білдіремін. Желiге 7 000-ға жуық ерекше есiмдер ұсынылды. (АЛЛА нәсiп етiп, қызды болып жатсаңыздар менiң парақшамнан таңдау жасасаңыздар болады.) Ұлым Әділеттің ұсынысын анам қабыл алып, ақылдымның есімін Мәриям деп қойдық. Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпегей. Құшақтадым!", — деп жазды Майғазиев Instagram желісіндегі ресми парақшасында.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!