"Астана операда" Ресейдің еңбек сіңірген әртісі ән салады

Фотография - "Астана операда" Ресейдің еңбек сіңірген әртісі ән салады

Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Павел Черных 25 қаңтар – Татьяна күнінде өтетін "Ойпырай, сол Татьяна ма екен..." атты концертте ән шырқайды.

217 0

Үлкен театр солисті, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Павел Черных (баритон, Мәскеу) "Астана Опера" театры Камералық залының сахнасында, 25 қаңтар – Татьяна күнінде өтетін "Ойпырай, сол Татьяна ма екен..." атты концертте ән шырқайды, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

Тыңдаушыларға танымал әндер, романстар, квартеттер, ариялар, сонымен қатар тамаша Татьяна есімді басты кейіпкері бар П. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан үзінділер ұсынылады. Татьянаның ролін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, нәзік те сүйкімді Айгүл Ниязова орындайды.

Сонымен қатар концертте Елена Ганжа, Галина Чеплакова, Гүлжанат Сапақова, Татьяна Вицинская, Салтанат Мұратбекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байғали Момбеков, Нарұл Төйкенов және т.б. өнер көрсетеді.

Павел Черных Камералық залда бірінші рет шырқайын деп тұрған жоқ. Бір жыл бұран көрермендер оның таңғаларлық нәзік, таза да әдемі дауысына жоғары баға берген еді. Әнші Қазақстанға сапар шегу – ол үшін әрқашан үлкен мереке екенін атап өтті.

"Концерт бағдарламасы әртүрлі болса да, барлық танымал шығармаларды ортақ тақырыбы – махаббат біріктіреді. Кеште мен жаңа опустар орындаймын, әрі олар көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймын", - дейді қонақ.

Өмірінде Татьяна есімді әйелге арналған роль бар ма деген сұраққа Павел Черных жымиып, бұл күні химия пәнінен сабақ берген ұстазы – Татьяна Александрқызын құттықтайтынын, сонымен қатар барлық Татьяналарға да зор денсаулық пен жақсылық тілейтінін жеткізді.