"Астана Опера" Моцарттың 260 жылдығын атап өтеді

Фотография - "Астана Опера" Моцарттың 260 жылдығын атап өтеді

"Симфоника" циклынан берілетін концерт 28 қаңтарда Камералық залда өтеді.

264 0

Данышпан Вольфганг Амадей Моцарттың ұлы жауһарларын бұл кеште ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов басшылық ететін "Астана Опера" Симфониялық оркестрі орындайды, концерттің бірінші бөлімінде өнер көрсететін солист – халықаралық конкурстардың лауреаты Жібек Сапарғалиева (флейта), деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

Екінші бөлімде тыңдарманды қуантатын театр жұлдыздары – ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова, Дина Хамзина және Нарұл Тойкенов, Арменияның халық әртісі Барсег Туманян, сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов жетекшілік ететін Камералық хор.

Мерейтой концертінің бағдарламасында – классикалық симфония жанрының негізін қалаушылардың бірі В.А. Моцарттың ең танымал шығармалары. Мысалы, бірінші бөлімде көрермен «Фигароның тойы» операсына арналған, операдағыдай екпінді, үйлесімді және сергек увертюра түріндегі қызу пьесаны тамашалай алады.

Сонымен қатар, ақжүректілік, адалдық және қарапайымдылық сияқты ойдың таң қалдыратын тереңдігін жасыратын Оркестр мен флейтаға арналған танымал № 2 концерт және № 40 симфония ұсынылады. Музыкадағы ақылға сыймайтыны – қарама-қайшылықтардың тоғысуы: автор қобалжу, абыржу, драматизммен бөлісіп қоймай, өмір сұлулығы мен адам сезімі жайлы әсерін ортаға салады. Екінші бөлімде Моцарттың керемет туындысы – мәңгі өшпес «Реквиемі» орындалады.

Маэстро Абзал Мұхитдинов, Қазақстанда флейтада жеке ойнайтын жас аспапшылардың бірі, кеш қонағы Жібек Сапарғалиеваның Флейтаға арналған № 2 концертті қалай орындайтыны қатты қызықтыратынын атап өтті.

"Моцарттың музыкасы – бұл қашанда өнердің бастауына оралу. Кез келген орындаушы өзінің шығармашылық өмірінде оның туындыларына қайта-қайта жүгініп отыруға міндетті. Көптеген музыканттар, өзге композиторларға қарағанда Моцартты орындау күрделі деп жатады, себебі ол қаншалықты қарапайым әрі тұнық болса, соншалықты кемеңгер. Тыңдарманымызды Музыкалық классицизм дәуіріне бізбен бірге сапар шегуге шақырамыз", - деді Абзал Мұхитдинов.

Екі бөлімді концерт 19:00 басталады. Билет бағасы – 2000 теңге.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!