Сиви Махмуди көйлектерін сатуға кірісіп кетті

Фотография - Сиви Махмуди көйлектерін сатуға кірісіп кетті

Сиви Махмуди өз дүкенінде 300000-600000 аралығында тұратын көйлектерін небәрі 7000-150000 теңге аралығында өткізіп жатыр.

1735 0

Сиви Махмуди барлық шет елден келген брендтік көйлектерін қол жетімді бағада сатып жатыр. Сонымен қатар әр сатып алушыны Сиви Махмуди өзі қабылдап, көйлек таңдауға көмек береді. 300000-600000 аралығында тұратын көйлектерін небәрі 7000-150000 теңге аралығында өткізіп жатыр. Бұған елдегі дағдарыс емес, Сивидің қайырымдылық жасау пейілі себеп болған.

Фото -

Көйлектер мен түрлі аксессуарларды сатудан түскен қаржыны Сиви Гүлнұр есімді ДЦП ауырымен ауыратын, көп балалы отбасынан шыққан жас қызға көмектеспек ниетте. Көптің ішінен неге Гүлнұр деген сұрақ туындайды!? Гүлнұр, Тараз қаласының тұрғыны. Отбасында ең үлкені. Өзінен кейін екі інісі бір сіңілісі бар. Жасы 21-ге келсе де өз еркімен тұрып жүре алмайтын халде. Барлық еміне, оқуына, тренингтерге жеткізіп жүретін анасы. 21 жыл бойы осы қиыншылықты көріп жүрген Гүлнұрдың «аяғыма тұрып, жүріп кетсем екен» деген жалғыз арманы бар. Отбасының жалғыз асыраушысы әкесі. Сиви Махмуди бұл отбасымен бұрыннан таныс. Қазіргі таңда өте қымбат ем қабылдап жүргенін біліп осындай акция арқылы кішігірім көмек болсын деп өз үлесін қосуда.

Фото -

Қайырымдылықтың алғашқы күнінде Сиви Махмуди Гұлнұрдың өзін арнайы шақыртып тез арада аяғыңа тік тұрып, ұзатыл деген ырыммен ақ көйлекті сыйға тартты.

Сонымен қатар қосымша көмек беремін деген жандар болса: 8707 626 55 18 нөміріне хабарласып толық ақпаратпен таныс болады. Гұлнұрдың өзімен жолығып, тікелей көмек көрсете алады.

Қайырымдылық акция, Алматы қаласы, Әуезов көшесі 128 Ғабдулин көшесінің қиылысында. "Сиви" дүкенінде сағат 10:00-21:00 аралығында өтіп жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!