Оскар 2016: Уилл Смит премияға мүлдем қатыспайды

Фотография - Оскар 2016: Уилл Смит премияға мүлдем қатыспайды

Голливуд жұлдызы "Оскар" сыйлығына бойкот жариялады

313 0

Голливудтың танымал жұлдызы қара нәсілді Уилл Смит "Оскар" сыйлығының салтанатты кешіне қатыспайды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
Осымен екінші жыл қатарынан үміткерлер құрамы тек ақ нәсілділерден құралғанына байланысты Уилл Смит өз наразылығын білдірді. Сондай-ақ, "Оскар" сыйлығына бойкот жариялаған жұбайы актриса Джада Пинкетт Смиттің қатарына қосылды.
"Әйелім екеуіміз ақылдаса келе, осындай шешімге келдік. Біз де Голливудтың мүшелеріміз. Алайда салтанатты кешке қатысар болсақ, жасандылық танытып, өзімізді ыңғайсыз сезінген болар едік", – дейді танымал актер.
Айта кетейік, аталған сыйлықтың үміткерлері 14 қаңтар күні белгілі болды. "Үздік режиссерлік жұмыс", "Үздік актер", "Үздік актриса", "Екінші жоспардағы үздік актер", "Екінші жоспардағы үздік актриса" атты бес санаттан тұратын "Оскар" сыйлығын да бір де бір қара нәсілді үміткер жоқ. Осымен 88 рет өткелі отырған атақты кино премия 28 қаңтарда Лос-Анджелесте өтеді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!