Серікбол Сайлаубек Мс Сайлаубекпен дуэт орындады

Фотография - Серікбол Сайлаубек Мс Сайлаубекпен дуэт орындады

Көпшілік мұны әзіл ретінде қабылдағанымен, екеуіне шынымен дуэт шығаруды ұсынғандар да болды.

1401 0

Серікбол Сайлаубек МС Сайлаубекпен бірігіп түсініксіз тілде бір ән орындады. 

Алайда бұл жай ғана отырыста орындалған импровизацияланған дуэт болатын. Өнерпаздардың дуэті бейнеленген таспаны көптеген қазақстандық өнерпаз өз парақшаларында жариялады. Соған қарағанда дуэт көптің көңілінен шыққан сыңайлы. Мысалы, Ғаділбек Жанай видеоны өз парақшасына жариялап, "Әзіл ретінде ғана қабылдайық" деп пікір жазды.


Көпшілік мұны әзіл ретінде қабылдағанымен, екеуіне шынымен дуэт шығаруды ұсынғандар да болды.

Айта кетейік, МС Сайлаубек танымал әндерді түсініксіз тілде орындауымен ел арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Жұрт оның бұл өнерін құптайтын және даттайтын болып екіге жарылды. Дегенмен, өнерпаз бұл салада үлкен жетістіктерге жетіп келеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!