Ерболат Беделхан Ринат Заитовқа қарсы жауап берді

Фотография - Ерболат Беделхан Ринат Заитовқа қарсы жауап берді

Естеріңізде болса, отандық арналардың бірінде Ринат Заитов "Ninety One" тобын шығарып отырғандардың бәрін қылмыскер атаған болатын.

1056 0

Ерболат Беделхан Ринат Заитовқа қарсы жауап берді, — деп хабарлайды Baistars.kz әншінің Gakku арнасына берген сұхбатына сілтеме жасап.

Ең алдымен әнші ақынға өзін таныстырып өтті: "Орданың" баласы деп отыр. Менің атым Ерболат. Топтың аты 91". Ал жалпы Ринаттың пікіріне ол екі-ауыз сөзбен жауап берді: "Меніңше, Ринат бауырым, ішін қазып білмей жатып өз ойын білдірген сияқты. Айту, пікір білдіру, бұл біздің мамандығымыз ғой. Біз бұған үйреніп қалғанбыз", — дей келе Ринатқа оған жолығуын сұрап, бұл бағыттың қыр-сырын түсіндіріп беремін деді.

Фото -

Айта кетейік, Ерболатқа дейін інісі Есболат та бұл мәселеге байланысты өз ойын білдірген болатын: "Ринатқа "NinetyOne" тобының шығармашылығы, нақтырақ айтсақ бәлкім жігіттердің  сыртқы бейнесі ұнамайтын шығар. Ол өз пікірін айтып тұр. Менің жеке басымда Ринатқа тағар мінім жоқ", – деді Есболат.

Продюсер халықтың сүйіктісіне айналған Ринат "NinetyOne" тобының жаңадан басталып кележатқан өнеріне кедергілер келтіретін пікір айтқанын жасырмады.

"Сонда да Ринатқа  еш айтар мінім жоқ. Не ойы бар білмедім. Ерболаттың шәкірттері  жолдарын тауып өнерлерін көрсетер. Бастысы жігіттер нағыз өнер иелері және олар оны дәлелдейді! Алтын жерде жатпайды!", – деді Есболат Беделхан.

Фото -

Естеріңізде болса, отандық арналардың бірінде Ринат Заитов "Ninety One" тобын шығарып отырғандардың бәрін қылмыскер атаған болатын. Айтыскердің пікірінше, мұндай топ қазақи менталитетке мүлде сай емес. Топтың көптеген жанкүйері ақынның бұл пікіріне қарсы шығып, топты жақтай жөнелді. Дегенмен халықтың басым бөлігі ақынды қолдайтын пікірлер жазды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!