Алматыда III Халықаралық "Сырласу" фестивалі өтеді

Фотография - Алматыда III Халықаралық "Сырласу" фестивалі өтеді

Сонымен 1-7 ақпан аралығында III Халықаралық "Сырласу" орындаушылық өнер фестивалі өтеді.

397 0

Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында "Сырласу" фестивалінің басталуына байланысты баспасөз мәслихаты болып өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Баспасөз мәслихатында фестивальдің продюсері әрі директоры Ольга Сұлтанова, Head of Arts British Council Kazakhstan өкілі Галина Корецкая, ARTBATFEST Халықаралық заманауи өнер фестивалінің директоры Ольга Веселова және өнер саласының менеджері Ирина Душкова (Литва)  сөз алып, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Сонымен 1-7 ақпан аралығында өтетін III Халықаралық "Сырласу" орындаушылық өнер фестивалі – елімізде заманауи театрлардың дамуымен шұғылданатын және тәуелсіз театрлар мен театрлық жобаларға қолдау көрсететін қазақстандық бірегей жоба.

Ең алғаш рет "Сырласу" фестивалі 2013 жылы Алматы қаласының Мәдениет басқармасының қолдауымен өткізілген болатын. Ал биыл фестиваль халықаралық деңгейге көтерілді, көптеген жаңа дәстүрлер пайда болып, ауқымы кеңейе түсті. Фестивальдің басты мақсаты – театр көрермендерінің жаңа буынын қалыптастыру.

"Биыл әлемдік дағдарысқа байланысты мемлекеттің қолдауынсыз фестивальді ұйымдастыру оңайға соқпады. Бірақ біздің бағымызға орай, Алматы қаласындағы әлеуметтік жауапкершілігі мол жеке компаниялар қолдау көрсетіп отыр. Яғни, фестиваль жалғасын тапты. Ал ең бастысы осының арқасында біз заманауи театрдың дамуын әлі де қолдай аламыз", – дейді Ольга Сұлтанова.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!