Нұртас Адамбай туған қаласы Тараз туралы фильм түсірмек

Фотография - Нұртас Адамбай туған қаласы Тараз туралы фильм түсірмек

Актер кино желісін өмірден алған. Онда тоғысқан тағдырлар, достық, адалдық, батылдық, намыс жайлы баян етіледі.

407 0

Танымал актер әрі режиссер Нұртас Адамбай туған өлкесі Тараз қаласы жайында фильм түсірмек. Фильм "Тараз" деп аталады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Актер кино желісін өмірден алған. Онда тоғысқан тағдырлар, достық, адалдық, батылдық, намыс жайлы баян етіледі.

"Туған қалам мені көп нәрсеге үйретті. Фильмде қарапайым адамдардың қиын тағдыры көрсетіледі. Бұл қала маған жақсы тәрбие берді. Осы кино арқылы Таразға деген ризалығымды білдіргім келеді", дейді Нұртас Адамбай.

Актер фильмнің комедиялық туынды болмайтынын айтып өтті. Шығармашылық ұжым жақсы дүние шығару үшін барын салуға уәде берді. Түсірілім жұмыстары көктемге жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, актер әрі режиссер Нұртас Адамбай жаңа түсірілмек "Тараз" филіміне кастинг жариялады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!