Белгілі джаз әнші Жанна Саттарова рактан емделуін Алматыда жалғастырады

Фотография - Белгілі джаз әнші Жанна Саттарова рактан емделуін Алматыда жалғастырады

Жанна Саттарова алғаш рет өзінің онко сырқатымен күресі жайында ашық айтты

292 0

Белгілі джаз әнші Жанна Саттарова Алматыда өткен Қатерлі ісікке қарсы халықаралық күнге арналған баспасөз маслихаты кезінде алғаш рет өзінің онко сырқатымен күресі жайында ашық айтты, деп жазады Today.kz. Жақында әнші қосымша қаралу мен ем алған Франциядан оралды.

"Маған ел алдында өз диагнозым туралы айтуға келісу оңай болған жоқ. Көпшілік сияқты мен де кері ұғым мен көзқараста болдым. Ал қазір менің оқиғам мен менің жолым өзгелерді денсаулық туралы толғандыруы мүмкіндігін түсіндім. Мүмкін, біреу-міреу ойланып, тексерілуге барар және онысы жанын аман алып қалуға себеп болар", - деп бастады 2014 жылы колоректальді рак диагнозы қойылған әнші.

Жанна Саттарованың айтуынша, оның онко сырқаты өте кеш анықталған.

"Әрине, менде, дәрігерге ерте қаралғанымда мұндай болмас па еді деген ойлар болды. Қатерлі ісікті анықтау қиын болғанмен, ол өздігінен пайда болмайды. Жіңішке тұстан үзіледі деген сөз бар. Өз ағзаңызды білу керек, ол туралы ойланып, оған қарау керек. Сырқат меңдеп кетпей тұрып оның қандай да белгілері болу керек – ауырсыну немесе ұзақ сырқаттану. Соңына дейін шыдап бағудың қажеті жоқ. Дәрігерге бару керек", - дейді Жанна Саттарова. 

Белгілі болғандай, әнші емін Алматыда жалғастырмақ.

"Семіздіктің жүрек-қан тамырлары ауруларымен бірге қатерлі ісікке әкелелу қаупі бар. Біз етті тым көп пайдалану туралы айтып отырмыз. Бұл біздің проблема. Бізде колоректальді рак ерлер мен әйелдер арасында екінші орында", - дейді Алматының Бас онкологы Диляра Қайдарова.

Қазақстанда жыл сайын 30 мың жаңа онкосырқат тіркелуде. Жыл сайын 16 мың пациент көз жұмады. Сонымен бірге, 2009 жылдан бастап онко сырқаттан көз жұму көрсеткішінің төмендеуі 10 пайызды құрайды. Бұл алдын алу скринингтері мен тұрғындарды тексеруден өтуге шақырудың арқасы. Айта кетейік, Қазақстанда үнемі тегін ұлттық скринингтік бағдарламалар жүреді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!