Қайрат Нұртас "16 қыз" фильмінің саундтрегін қос тілде орындады

Фотография - Қайрат Нұртас "16 қыз" фильмінің саундтрегін қос тілде орындады

Видеода фильмнің үзінділері мен Қайраттың әнді орындап тұрған сәттері көрсетіледі.

847 0

 Ғаламторда "16 қыз" деп аталатын романтикалық комедияның саундтрегі пайда болды. Әнді қазақ және орыс тілінде Қайрат Нұртас орындап шыққан. Аталмыш кино отандық кинотеатрлардан 3 наурыздан бастап көрсетіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

Халықтың сүйікті әніне айналған "16 қыз" туындысын орындау бұл жолы танымал әртіс Қайрат Нұртастың еншісіне бұйырды. Видеода фильмнің үзінділері мен Қайраттың әнді орындап тұрған сәттері көрсетіледі.

Әннің ойнақы әуезін ұнатқан кино авторлары "16 қыз"көркем фильмін түсіруге бел байлайды.


Фильмде басты рөлдерді актер Берік Айтжанов, Аша Матай, Әнуар Нұрпейісов сомдаған. Түсірілім Алматы мен Астанада, кейіннен Қарағандыда өтіп, Павлодар облысында жалғасты.

Фильм желісі бір отбасының басынан кешкен қызықты оқиғаларды баяндайды. Нұржан мен Сәлима есімді кейіпкерлер немере сүйгісі келеді, бірақ, ұлы Бауыржан тек көңілі қалаған қызға үйленуді ұйғарған. Ал ата-анасы аттастырып қойған бойжеткеннің өз ғашығы бар. Кинодағы отбасының қызығы мен шыжығы Күләш тәтенің жағалы тонының айналасында басталады.

Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!