Қарағандылық әзілкешке Comedy Club біріге қызмет етуге ұсыныс жасаған

Фотография - Қарағандылық әзілкешке Comedy Club біріге қызмет етуге ұсыныс жасаған

Арем дерягиннің әзілдері шоу резиденттерін қызықтырған

176 0

24 жасар қарағандылық Артем Дерягин Comedy Club шоуының авторлық тобының мүшесіне айналды, деп жазады Today.kz.

Артем Дерягин – блогер, өз әзілдерін танымал әлеуметтік желіде күнделікті орналастырады. Мұнымен бірнеше жыл бұрын айналыса бастаған, ал күн сайын оған жазушылар қатары өсуде. Бүгінде оның Twitter парақшасының өзінде 10 жазылушы бар.

Today.kz тілшісіне берген сұқбатында Артем ешқашанда КВН ойнамағанын айтты және өз әзілдерін жеткілікті түрде күлкілі емес деп есептеген.

"Бұл жағы болмады. Әзілдерімді күлкілі емес деп есептегеннен болар. Университет бітірген соң Twitter парақшасына тіркеліп, сонда әзілдей бастадым. Сол жерде ісім өнгендей болды, тым құрығанда адамдарға ұнайтын. Кейін менің әзілдерімді "ВКонтакте" желісіндегі ірі пабликтер мен түрлі юморлық сайттарда жариялай бастады. Сосын түрлі әзіл конкурстарына қатыса бастадым, бірде ең үздік әзіл авторы ретінде iPhone ұттым", - дейді Дерягин.

Жас жігіт әзілге деген құштарлығы бала кезден барын айтты.

"КВН-ді үнемі жақсы көретінмін, ол ойындарды қазірге дейін тамашалаймын, алғашқы Лигаға дейін көремін. Барлық әзіл-оспақ бағдарламаларын көремін, тек "Аншлаг", Михаил Задорнов пен "Уральские пельмени" әзілдерін түсінбеймін.

Ал бірнеше күн бұрын Ареммен Comedy Production тобынан хабарласып, қызметтестік ұсынған.

"Бүгін маған менің әзілдерімді Comedy сценаришілері алғаны туралы хабарлама келді. Әрине, мен бұған ризамын", - дейді ол.

Әзірге Артем алсытан қызмет атқаруда, дегенмен, ісі өрге басып жатса жақынырақ жұмыс істеуге дайындығын білдірді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!