"Ұлы Шоқанның керуен жолы" кітабы басылып шықты

Фотография - "Ұлы Шоқанның керуен жолы" кітабы басылып шықты

Кітап авторы, профессор Өрденбек Мазбаев.

444 0

 2016 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде И.Иманов пен Ө.Мазбаевтың "Ұлы Шоқанның керуен жолы" кітабының таныстырылымы өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

Кітап авторы, профессор Өрденбек Мазбаевтың айтуынша,  аталмыш кітап Шоқан жүріп өткен жолдармен экспедиция жасап қайтқан соң жазылған. Экспедиция Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына және Қашқар саяхатына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылған.

09-02-2016 shokhan ualikhanov 2

"Бұл жолғы экспедиция көлікпен де жаяу да жүріп, Шоқан жүрген жерлерді аралап шықты. Экспедиция құрамында ғалымдар мен қазақ ұлттық географиялық қоғамдық бірлестігінің мүшелері болды", – дейді автор.

Кітап қазақ ұлттық географиялық қоғамының 2014 жылғы 24 шілде және 5 тамыз аралығында Қытай Халық Республикасы және Қырғызстан территориялары арқылы өткен  "Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойынша"  атты алғашқы халықаралық экспедициясына арналған. Бұл іс соңғы сегіз жыл ішінде жүзеге асырылған "Шоқан жолдарымен" атты экспедициялар сериясының соңғы сапары болып саналады. Оған қатысушылар Шоқан Уәлиханов жүріп өткен жерлерге (Қырғызстан, Жетісу, Құлжа) саяхат жасады.

09-02-2016 shokhan ualikhanov 3



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!