Алматыда Мұқағали Мақатаевтың ұлымен кездесу өтеді

Фотография - Алматыда Мұқағали Мақатаевтың ұлымен кездесу өтеді

Театр қабырғасында көрермендер өздерінің сүйікті актерлерімен кездесіп қана қоймай, көкейіндегі сұрақтарды қойып, бетпе-бет дидарласа алады

186 0

Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына  орай, театрдың "Кейіпкер келбеті" мейман бұрышында ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы және "Мұқағали Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қорының" төрайымы Бақыткүл Қыдырбайқызымен кездесу кеші өтеді. Бұл туралы egemen.kz  хабарлады.

Театр қабырғасында көрермендер өздерінің сүйікті актерлерімен кездесіп қана қоймай, көкейіндегі сұрақтарды қойып, бетпе-бет дидарласа алады. Ал бұл кештің басты мақсаты – қазақтың маңдайына біткен ұлы перзентінің туған күнін ескерусіз қалдырмау және театрға келуші қонақтарға әдебиетіміздің алтын қорына енген өнегеге толы ақын өлеңдерін насихаттай отырып, сахнада ақынның өзімен "жүздестіру".

Ақпанның 9-ы күні сағат 17:15-те өтетін кездесуден соң, театр репертуарындағы жаңа туынды Мұқағали Мақатаевтың "Райымбек! Райымбек!" (режиссері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі – Мұрат Ахманов) поэтикалық дастаны көпшілік назарына ұсынылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!