Қостанайдағы концерт әртістің келісімімен болмайтын болды - ұйымдастырушы

Фотография - Қостанайдағы концерт әртістің келісімімен болмайтын болды - ұйымдастырушы

Мұның алдында әнші кәсіпкер сөзінде тұрмағанын айтқан

103 0

Танымал ресейлік орындаушы Сосо Павлиашвилидің Қостанайдағы концертіне жауапты кәсіпкер Вадим Тимошин әншімен шара өткізу туралы сөзге келіп қалу жайты болмағанын айтады. Оның айтуынша, бизнесмен мен әртіс концерттен халықтың қызығушылығының төмендігінен келісе отырып бас тартқанын жеткізді, деп хабарлайды Today.kz.

"Концерттің болмайтыны өкінішті, әрине. Алайда, ешқандай кикілжің болған жоқ. Павлиашвилимен келісе отырып бас тарттық концерттен. Халық жиналмады. Ешқандай дау жоқ. Мен концертің болмайтынын 10 күн бұрын ескерттім. Барлық ақша қайтарылды", - дейді кәсіпкер.

Естеріңізге салсақ, мұның алдында әнші Сосо Павлиашвили Today.kz тілшісіне берген сұқбатында ұйымдастырушымен арадағы кикілжің туралы айтқан болатын.

"Мен Қазақстанға ертең-ақ келемін. Мен үш қалада өнер көрсетемін деп жоспарлағанмын, Қостанайда ғана емес. Осы концертті ұйымдастырып жатқан адам мүдіре бастады, сосын сол сәтте дағдарыс та ушыға бастады. Ұйымдастырушы бізбен қарым-қатынасты да үзді. Біз оған қоңырау шалсақ – ол тұтқаны көтермейді, қашып жүр. Ол өз сөзінде тұрмады. Жаман айтқым келмейді, бірақ әртістермен бұлай етуге болмайды. Құдай жар болсын оған, ол мені жарға жығып кетті", - дейді Сосо Павлиашвили.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!