"Поэзия, менімен егіз бе едің?" республикалық онлайн-мүшәйрасы жарияланды

Фотография - "Поэзия, менімен егіз бе едің?" республикалық онлайн-мүшәйрасы жарияланды

Мүшәйраға бұрын баспа бетінде жарияланған шығармалар қабылданбайды

848 0

Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен "Қазконтент" АҚ "Әдебиет порталы" бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, ақын мұрасы арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, талантты жас ақындардың жолын ашу және өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында дәстүрлі "Поэзия, менімен егіз бе едің?" атты жазба ақындардың республикалық онлайн-мүшәйрасын өткізеді. 

Мүшәйраның мақсаты:
– Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
– Жастардың патриоттық рухын ояту, бірлік пен ынтымақты сақтау;
– Жастарымызға ұлы бабаларымыздың асқақ арманы - тәуелсіздік, ел мен жерді қорғау екенін ұғындыру;
– Қазақстан мен қазақ халқын, оның мәдениеті мен салтын насихаттау;
– Бүгінгі жастарды әлемдік деңгейде сапалы білім алуға, сапалы интелллектуалдық кеңістікті меңгеруге шақыру.

Мүшәйраның шарттары:
– М. Мақатаевқа арналған өлең;
– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған өлең;
– Мүшәйраға қатысушы әрбір үміткер "Әдебиет порталына" тіркелуі қажет;
– Мүшәйраға жас мөлшері 20-30 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады.
– Бұрын баспа бетінде жарияланған шығармалар қабылданбайды.
– Ұсынылған өлеңдер мен қатысушы туралы мәліметтерді әрбір байқауға қатысушы төменде көрсетілген "Өлеңді енгізу" батырмасы арқылы орналастыра алады.
– Әрбір қатысушының жеке парақшасында жариялаған өлеңдеріне жұлдызшалар арқылы дауыс беріледі.

Ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде:
– Қатысушы үміткерлер ұсынған өлеңдер "Әдебиет порталында" онлайн түрінде жарияланады;
– Әрбір өлең оқырмандардың дауыс беруі арқылы онлайн түрінде бағаланады;
– Көркемдік деңгейі төмен өлеңдер жарияланбайды.

Жүлде қорын "Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" ММ өз міндетіне алады:

Бас жүлде – 80 000 тг.
І орын – 60 000 тг.
ІІ орын – 40 000тг.
ІІІ орын – 30 000тг.
"Әдебиет порталының" Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығы

Жеңімпаздарды марапаттау: Байқау жеңімпаздарын қаржылай сыйлықтармен марапаттау рәсімі 2016 жылғы қыркүйек айында Талдықорған қаласында өтеді.

Ескерту: Жүлдегерлердің жол шығыны қатысушы тарап есебінен, қонақ үйде орналастыруды "Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" ММ өз міндетіне алады.

Құжаттарды қабылдау уақыты:
Құжаттар 2016 жылдың тамыз айының 1-не дейін қабылданады.
Тел/факс: +7 (7172) 79 82 12 (ішкі 150). 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!