"Үшқоңыр" әнін жүрекпен айтқан грузиндер дүйім жұртты таңқалдырды

Фотография - "Үшқоңыр" әнін жүрекпен айтқан грузиндер дүйім жұртты таңқалдырды

Әнші Грузиядағы көріністі әлеуметтік желідегі Instagram парақшасына жүктеп қойған.

250 0

Сәкен Майғазиевті "МузАРТ" тобының ең үздік әндерінің бірі саналатын "Үшқоңыр" әнін жүрекпен айтып, барын салған грузин ұлтының өкілдері тамсандырды.

Әнші Грузиядағы көріністі әлеуметтік желідегі Instagram парақшасына жүктеп қойған. Видеоны тамашалаған жанкүйерлер әннің керемет орындалғанын жазып, қазақтың әні өзге елде шырқалып, танылып жатқанына қуаныштарын білдірген.

Пікір қалдырғандардың арасында "Біздің сахнадағы кей әншілерге таң қаламын, қазақтың әні көп Аллаға шүкір, мән-мағынасы бар, шынында шетелдің әндерін айтып жүр көбісі", - деп назданғандары да бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!