"Қазақ аруы" байқауы сұлуларының жаңа фотосуреттері жарияланды

Фотография - "Қазақ аруы" байқауы сұлуларының жаңа фотосуреттері жарияланды

Қыздардың жас мөлшері 16-22 жас аралығында.

1485 0

"Қазақ аруы" сұлулық байқауының Инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында байқауға үміткер бойжеткендердің фотосуреттері жарияланды. Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Осыған дейін хабарлағандай, еліміздің барлық қалаларынан келген үміткерлердің арасынан финалға 21 қатысушы таңдап алынды. Қыздардың жас мөлшері 16-22 жас аралығында.
Аруларға қойылған басты талаптар: қазақ тілінде еркін сөйлеу, ұлттық дәстүр мен ел тарихы және әдебиетін жетік білу, бойы 170 см кем болмауы мен шашының ұзын болуы.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазақ аруы" байқауы осымен алтыншы рет өткізілейін деп отыр. Өткен жылы 21 жастағы қарағандылық Кәмшат Қоскелова қатысушылардан озып шығып, жеңімпаз атанған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!