Нью-Йоркте Моцарттың 260 жылдығына арналған Вена балы өтті

Фотография - Нью-Йоркте Моцарттың 260 жылдығына арналған Вена балы өтті

Манхэттеннің орталығы әсем романтикаға айналды

320 0

Нью-Йорктегі Waldorf Astoriа қонақ үйінде әйгілі Вена балы өтті. Бұл жолғы шара Моцарттың 260 жылдығына арналыпты, деп жазды 24.kz. Манхэттеннің орталығы әсем романтикаға айналды. Кеш қонақтары салтанатты көйлек, фрак пен смокинг киіп, бал ережесін барынша сақтауға тырысты. АҚШ-тағы меншікті тілшіміз Майра Әбдірахманованың хабарлауынша, Нью-Йоркте өткен мерекелік шараға құрметті қонақ ретінде Австрия астанасы әкімшілігінің басшылары мен Габсбургтер император әулетінің ұрпақтары шақырылған. Мерекелік бағдарлама аясында жас бишілер мен опера саңлақтары өнер көрсетті. Вест-Пойнт академиясының курсанттары сахналаған қойылым халықтың ерекше қошеметіне ие болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!