Астанада "Он алты қыз" фильмі көрсетілді

Фотография - Астанада "Он алты қыз" фильмі көрсетілді

Режиссер Қанағат Мұстафин "Он алты қыз" атты романтикалық комедияны прокатқа шығарды.

1450 0

Қазақстан киносы тағы бір жаңа туындымен толықты. Режиссер Қанағат Мұстафин "Он алты қыз" атты романтикалық комедияны прокатқа шығарды. Өткен сенбіде Астанадағы "Сарыарқа" сауда орталығындағы кинозалда аталған фильмнің тұсаукесер рәсімі өтті.  

Комедия жанрындағы жаңа кино ұлына келін әперуді армандайтын ауылдағы Нұржан мен Сәлиманың басынан өткен оқиға негізделеді. Осы мақсатта ата-ана келін іздестіруді қолға алады. Ал басты кейіпкер Бауыржан болса өз сезімімен сүйген қызына үйленгісі келеді. Бірақ ата-анасы қазақтың "бел құда" салтымен айтырып қойған қалыңдығы Айжанға қосқысы келеді. Алайда Айжанның ұнатқан жігіті болады. Дегенмен пешенелеріне түбінде қосылу жазылған қос ғашық нағыз махаббат майданында жеңіске жету үшін түрлі қиындықтардан өтеді.

Фото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман Мухатов

"Бір кездері "Тақиялы періште", "Біздің сүйікті дәрігер", "Алпамыс мектепке барады" секілді кинотуындылардан ғажап әсер алатынбыз. Сондықтан біз де осындай ізгілікке толы, көңілді оқиғаны көрсететін кино түсіргіміз келді", – дейді режиссер Қанағат Мұстафин.

Фильм Қазақстанның көрікті жерлерінде үш ай бойы түсірілген. Оның басым бөлігі Алматы қаласы облысында және қазақ киносының саңлағы Шәкен Аймановтың туған жері Баянауылда түсірілген.

Кинода басты рөлдерді Берік Айтжанов, Аша Матай, Әнуар Нұрпейісов, Күлжамал Қазақбаева, Ғани Құлжанов, Жәния Джуринская секілді еліміздегі танымал актерлер ойнайды.

Фото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман Мухатов

Бір айта кетерлігі, кино әйгілі "Дос Мұқасан" тобы орындайтын "Он алты қыз" әнімен аттас болғандықтан фильмде осы әннің саундтрегі қойылады. Оны танымал әнші Қайрат Нұртас орындаған.

Продюсердің айтуынша, фильмді түсіру үшін 400 мың доллар жұмсалған (ескі курс бойынша).

Бұл фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырыс бойынша түсірілген. Жаңа туынды 3 наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!