Қазақстандық жұлдыздар Леонардо Ди Каприоны "Оскар" жүлдесімен құттықтады

Фотография - Қазақстандық жұлдыздар Леонардо Ди Каприоны "Оскар" жүлдесімен құттықтады

Леонардо Ди Каприо тұңғыш рет "Оскар" жүлдесін "Үздік ер адам рөлі" аталымы бойынша жеңіп алды.

456 0

Америкалық киноакадемияның 88-ші мәрте ұйымдастырылып отырған «Оскар» марапаттау салтанаты биыл ерекше оқиғамен тарихта қалатын болды. Америкалық актер Леонардо Ди Каприо тұңғыш рет "Оскар" жүлдесін "Үздік ер адам рөлі" аталымы бойынша жеңіп алды.

Бүкіл әлемдегі Леонардоның жанкүйерлері қуаныштарын білдіріп, оны осы жүлдемен құттықтап жатыр. Айта кетейік, Леонардо «Выживший» фиьміндегі рөлі үшін "Үздік актер" аталды.

Оны алғашқылардың бірі болып Мадина Сәдуақасова құттықтады. "Леонардо Ди Каприо — алғашқы «Оскар"! Барлық жанкүйерлерiн құттықтаймын, оның iшiнде өзiм де бармын! Жарайсың, Лео!" — деп жазды әнші. 

Әнші Алтынай Жорабаева да Леонардоның жанкүйерлерін көптен күткен жүлдемен құттықтады. "Уррааааа! Оскар сыйлығы! Көптен күткен марапат ! Еңбегіңнің еленгені қандай бақыт десеңші! Əріптестерінің өзі қалай қуануда! Тамаша! @leonardodicaprio ның өзін жəне жанкүйерлерін құттықтаймын!" — деп жазды әнші.

"Қане, билейік!" — деп қуанышын білдірді әнші Луина.

Жас әнші Индира Еділбаева Инстаграм парақшасында Лео үшін қатты қуанышты екенін жазды: "Досым Лео, сен үшін қуаныштымын!!! Бұл жолы "Оскар" алмағаныңда дұрыс болмас еді, Голливудта көтеріліс болар еді. Жалпы "Выживший» фильмі үшін қуаныштымыз".

Қазақстандық әнші Айша Байбосынова Леонардоны әріптестері құттықтап жатқан видеоны салып, «Лео өз Оскарымен» деп жазды.

Тележүргізуші Екатерина Краснова қуанышын ерекше видеомен білдірді.

"Асыл" тобының әншісі: "Бүгін лента толы Леоныкі. Мен де қосыламын. Еңбектің осылай бағаланғаны керемет емес пе?!" — деп жазды өз парақшасына.

Әнші Бақыт Тұрман да Леонардоның бұл жүлдеге лайық екенін атап өтті.

"Выживший" фильмі мен Леонардо Ди Каприо актер Асылхан Төлеповтың да фавориті.

Актер, тележүргізуші Тәуекел Мүслім де шет қалмады.

Айгүл Иманбаева да бұл әншінің жанкүйерлері қатарында.

Тележүргізуші Динара Сәтжан Леоның барлық жанкүйерлерін жеңіспен құттықтады. «Оған жанкүйер болғандардың бәрін құттықтаймын! Көптен күткен Оскар Леонардо Ди Каприода» — деп жазды Динара парақшасына.

Продюсер Алуа Қонарова Ди Каприоның жүлде алғанын әділдікпен сипаттады. «Бұл әлемде әділдік бар екен. Киноакадемия әйтеуір оны бағалады ғой. Оның сөйлеген сөзі де ерекше болды. Көріңіздер» деп жазды ол.

baistars.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!