"Шаттық-2016" оныншы шығармашылық фестивалі аяқталды

Фотография - "Шаттық-2016" оныншы шығармашылық фестивалі аяқталды

Бір кездері осы фестивальдан бастағандар бүгінде жұлдызға айналды.

383 0

Елордада Конгресс-холлда балалар мен жасөспірімдер арасындағы "Шаттық-2016" шығармашылық фестивалінің гала-концерті өтті. Дәстүрлі шара биыл оныншы рет ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналды. Шара барысында жас дарындар өз өнерлерін ортаға салды.

Дельфий ойындарының бағдарламасы бойынша өтетін "Шаттық" байқауы өнердің барлық салаларын қамтиды. Биыл 5 мыңнан астам өнерпаз 15 номинацияда 8 жанр бойынша өзара сайысқа түсті, соның ішінде инструменталды соло, хор, қазіргі заманғы би, поэзия, театр, фотосурет, бейнелеу өнері, бірегей жанр, киім дизайны және т.б.

Салтанатты марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бірінші "Шаттық" байқауы туралы айтып берді.

– Ол кезде бұл бірінші фестиваль болғандықтан оған көп үміт арттық. Қуанышты сәттер көп болды. Жыл сайын жас өнерпаздарымыз сахнаға шығып, ата-аналары мен оқытушыларының алдында өнер көрсетеді. Бұл оңай емес. Бір кездері осы фестивальдан бастағандар бүгінде жұлдызға айналды. 10 жыл өтті, "Шаттық" фестивалінің беделі артты. Жыл сайын бұл шараны тағатсыз күтеміз. Сондықтан мен елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтің атынан осы шығармашылық, өнер мерекесімен құттықтаймын. Байқауға жақсы болашақ тілеймін, – деді Е. Аманшаев.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

Өткен жылдардағы байқау жеңімпаздары елорда әкімінің орынбасарына "Шаттық" фестивалінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін "Шаттық – 10 жыл" мерейтойлық құрмет медалін табыстады.

Сахна төрінде үздік әндер мен билер орындалды. Байқау қорытындысы бойынша 200 астам қатысушы күміс және қола марапаттарға ие болды. Ал 33 жеңімпаз алтын жүлдеге қол жеткізді. Бұдан басқа, байқау бастауында тұрған және оның дамуына зор үлес қосқан 100 адамға мерейтойлық медаль табысталды. 


astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!