Леонардо ди Каприо "Оскарын" мейрамханада ұмытып кеткен

Фотография - Леонардо ди Каприо "Оскарын" мейрамханада ұмытып кеткен

Актердің осы жүлдені алуы туралы ақпарат Twitter желісінде рекорд жасады

266 0

Арманына жеткен Ди Каприо "Оскар" жүлдесін мейрамханада ұмытып кетіпті. Бұл туралы TMZ хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, Ди Каприо мен оның әріптестері "Оскарды" Лос-Анджелес мейрамханаларының бірінде сілтеп тұрып атап өткен. Тойлап болып, үйге қайтпақ болған актер өзгелермен бірге көлікке бет алған кезде мейрамханадан статуэтка ұстаған ер адам жүгіріп келіпті.


"Мынаны өзіңізбен бірге алып кетер ме едіңіз?", - деп сұрапты ол Ди Каприодан "Оскарды" көрсетіп тұрып. "Дэнге бере сал", - деген актер сол сәтте қасында тұрған серіктерінің біріне нұсқаған. Ал өзі "Оскарды" алудың орнына ішімдігі бар бөтелкені ұстап тұрыпты.

Айта кету керек, актердің осы жүлдені алуы туралы ақпарат Twitter желісінде рекорд жасады. Ди Каприоның осы жылғы үздік актер атанғаны туралы әлемге аян бола салысымен, халық бір минут ішінде жаңалықты жарты миллионға жуық рет твиттеген.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!