Мәскеуде белгілі актриса Наталья Крачковская өмірден озды

Фотография - Мәскеуде белгілі актриса Наталья Крачковская өмірден озды

Актрисаның жүрегі сыр берген

230 0

3 наурыз күні, сағат 6:20-да Мәскеу клиникаларының бірінде 78 жасқа қараған шағында Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Наталья Крачковская көз жұмды. Бұл ақпаратты актриса жүрек талмасымен 28 ақпанда жеткізілген Мәскеудің №1 Пирагов атындағы ауруханада да растады, деп жазды Today.kz.

Наталья Крачковская 1938 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласында дүниеге келген. Анасы оның архивист болуын қалаған екен. Ол осы мамандықа да, сонымен бірге ВГИК-ке де құжат тапсырып, оқуын бастаған кезде оны көлік қағып кетіп, көру қабілетінен уақытша айрылып қалады. Дәрігерлер оған оқуын жалғастыруға тиым салады. Дегенмен Наталья алдымен массовкада, кейін эпизодтарға түсе бастайды.

1962 жылы Наталья Белогорцева дыбыс операторы Владимир Крачковскиймен танысып, оған тұрмысқа шығады да, соның фамилиясына өтеді.

40 жылдан астам уақытта актриса 80-нен астам фильмге түскен, әдетте екінші пландағы рөлдерді сомдағанмен, мінезді кейіпкерлерді ойнап жеткізген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!