"Оңтүстік-Цирк" джаз оркестрінің концерті өтті

Фотография - "Оңтүстік-Цирк" джаз оркестрінің концерті өтті

2012 жылы құрылған "JAZZ BAND" оркестрінде 19 музыкант пен 2 солист бар.

342 0

Шымкентте Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен "Оңтүстік-Цирк" мекемесінің 5 жылдық мерекесіне орай, цирк джаз оркестрі алғашқы рет жанды дауыстағы есеп беру концертін берді, деп хабарлайды Baq.kz.  

Кәсіби музыка мамандарынан құралған оркестр ұжымының 5 жылда жеткен жетістіктері мен ізденістері көрермен жүрегінен орын тапты. Халықаралық әйелдер күні мерекесінде өткізілген жанды дауыстағы цирк оркестрінің кешінде қазақ эстрадасының маэстросы, сазгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дирижер, аранжировка шебері Нұрлан Байгөзов жетекшілік етті. "Оңтүстік-Цирк" мекемесінің джаз оркестрі сүйемелдеуімен Ә.Бейсеуовтің "Мұңайма", С.Бәйтерековтің "Кездер-ай", Е.Хасанғалиевтің "Жанарым" және де шетелдік танымал сазгерлер шабытын ұштаған әндер орындалды. Сонымен қатар, ән падишасы Ш.Қалдаяқовтың "Әнім сен едің" әнін цирк оркестрінің дарынды әншісі Диана Хашимханованың әуезді үнімен 3 тілде орындалды. Ал өнер ордасының әртістері Сергей мен Гузаль Мустафиндер оркестр әншісі Д.Хашимхановамен бірге транформацияланған ән-шоуын ұсынды. 

2012 жылы құрылған "JAZZ BAND" оркестрінде 19 музыкант пен 2 солист бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!