"МузАРТ" тобы өз ізбасарларын ел арасынан іздейді

Фотография - "МузАРТ" тобы өз ізбасарларын ел арасынан іздейді

Байқау ұйымдастырушысы – "Қазақстан" РТРК АҚ.

11625 17

2016 жылы "Қазақстан" Ұлттық телеарнасында осы жылдың үздік мега-жобасы – "МузАРТ LIVE" тұсауын кеспек. Ол туралы үстіміздегі жылдың 14 наурызында Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында хабарланатын болады. Қазақстан халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, жүрегін жаулаған "МузАРТ" тобы өз ізбасарларын ел арасынан іздейді. 

Байқау ұйымдастырушысы – "Қазақстан" РТРК АҚ. Мега-жобаның жүргізушілері, белгілі актер – Азамат Сатыбалды, жас актер, тележүргізуші – Нұрсұлтан Есжан және журналист – Дина Төлепберген; продюсері – Ренат Гайсин.

"МузАРТ LIVE" музыкалық тележобасына 16 жастан 25 жасқа дейінгі аралықтағы талантты ер жігіттер қатыса алады. Үміткерлердің музыкалық білімінің болуы шарт емес. Сондай-ақ, музыкалық талғамы мен орындаушылардың құрамына да (соло, дуэт, топ) мән берілмейді. Ең басты талап – қатысушы мемлекеттік тілде ән айта білуге міндетті.

"МузАРТ LIVE" музыкалық байқауы 3 кезеңнен тұрады:

І кезең – Онлайн іріктеу (кастинг) 15-ші наурыздан 15-ші сәуір аралығында өтеді ( онлайн өтініш берген үміткерлердің жұмысы қаралады).

ІІ кезең – Аймақтық іріктеу "МузАРТ" тобының қатысуымен өтпек. Байқаудың аймақтық іріктеу кезеңі 10-шы мамырдан 25-ші мамыр аралығында Қазақстанның 5 қаласында - Астана, Алматы, Атырау, Семей және Шымкентте өтеді.

Екінші кезең біткеннен кейін қазылар алқасы 2 аптаның ішінде байқаудың үшінші кезеңіне жолдама алатын 60 үміткерлердің есімін жариялайды. Ұлттық музыкалық тележобаның ІІІ кезеңі үміткерлерге телетүсірілімге қатысу мүмкіндігін береді.

ІІІ кезеңге өткен үміткерлер стиль, имидж, репертуар, хореография саласы бойынша ұйымдастыру комитетінен кеңес алады деп жоспарланып отыр. Ақтық сында бар-жоғы 6 адам бағын сынайды.

Қатысу ережесі бойынша толық ақпаратты kaztrk.kz, viamuzart.kz ресми сайттарынан, Жобаның @muzartlive_official ресми instagram парақшасынан алуға, сондай-ақ онлайн өтініштерді show@muzart.kz е-mail адресіне жолдауларыңызға болатынын хабарлаймыз. 



Загрузка...

Пікір (17)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Куттыбек 15 нау. 2016

Калай тиркелуге болады?

Жауап беру


Мирас Айбекулы 24 нау. 2016

Калай тиркелуге болады Музарт Лайф жобасына?Жауаптарынызды асыга кутемиз.

Жауап беру


Бекзат 25 нау. 2016

16 жаска деиінгілер катыса алмайтыны оте окінішті

Жауап беру


Жангозин 5 сәу. 2016

Қалай тиркелуге болады ? видео жиберин дегенмин

Жауап беру


Ерлан 11 сәу. 2016

Калай тиркелуге болады видео жирейн дегем

Жауап беру


Максат 12 сәу. 2016

Жок

Жауап беру


Адилжпн 20 сәу. 2016

25тен асқандар ешқалай қатыса алмайма?

Жауап беру


дастан 29 сәу. 2016

музарт суйер агайын калай тиркелемиз калай катысуга болат барлык андерин билем

Жауап беру


Дастан 4 мам. 2016

музарт тобынын жобасы кутты болсын онерлериниз орлей берсин калай тиркелуге болады катыскым келет.

Жауап беру


Ержан 12 мам. 2016

ұлы дала 2016

Жауап беру


Ержан 12 мам. 2016

Ұлы дала күзгі бақ суйкімді

Жауап беру


Нұрбек 20 мам. 2016

Қазір тіркелу кеш пе? 20/05/2016

Жауап беру


алибекова айзада 2 там. 2016

жобага калай тиркеледи жауап кутемиз

Жауап беру


калай жобага катысуга болады 27 там. 2016

Калай жобага катысуга болады?

Жауап беру


Абай Жолдасбаев 27 там. 2016

Калай жобага катысуга болады. Жауапты асыга кутемин

Жауап беру


Дастан 19 қаз. 2016

Ешким билмейма жобага калай тиркелу керегин егер билип жатсандар хабарын бересиндерго

Жауап беру


Кайсар 23 қаз. 2016

Ном бериндерши кай жер адрес тиркелин дегем

Жауап беру