Алматыда Бапановтар әулетінің "Аспан" атты көрмесі өтеді

Фотография - Алматыда Бапановтар әулетінің  "Аспан" атты көрмесі өтеді

Суретшілер өздерінің жаңа өнер туындыларымен, заманауи шығармашылық ізденістерімен ерекшеленеді.

1204 0

Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде 2016 жылы 16 наурызда сағат 16.00 де  суретші Бапановтардың  "Аспан" атты көрмесінің ашылуы өтеді.

Бұл көрменің ерекшелігі ойнақы ашық түсте, көркем орындалған кескіндемелер адам бойына шаттық сыйлап, күш-қуат берсе, шытырмандығы адамды терең ой иірімдеріне жетелейді және де суретшілер өздерінің жаңа өнер туындыларымен, заманауи шығармашылық ізденістерімен ерекшеленеді.

Адамның ішкі рухынан туындаған өнер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сол халықпен мәңгі жасайды. Бапановтар жанұясы да осы өнерді сабақтастырушы әрі оны дәріптеуші. Қазақ өнерінің өркендеп дамуына өздерінің сүбелі үлестерін қосып келе жатқан Әлібай және Сәуле Бапановтар туған жердің топырағынан нәр алып, ана сүтімен дарыған киелі өнер арқылы қазақ болмысын әлемге паш етіп келеді. Ал олардың ұлы Ағын бүгінгі күні әкесі мен анасының өнердегі ізін басып, оған жаңаша заманауи серпін берген жас өрен, бүгінде өнердің дамуына өзінше үлес қосуда.  Әлібай Бапановтың шығармалары қазақтың ұлттық ертегісіндей, адамның ой-өрісін қиял қанатына мінгізіп, әлемді шарлататындай терең мазмұндылығында. Ертегі де мифке ұқсас, оның шыққан кезеңі мен пайда болған уақыты белгісіз болғанымен, онда ұлттық нақыш басым. Шығармада өмір мен адам тіршілігі қатар дамығанымен, онда өмір қайталанбайды, дегенмен бейнелер өмірден алынады. Жалпы Әлібай Бапановтың кескіндемелері мен гобелендерінің шығармашылық идеясы, көркемдік тілі дәстүрлі және заманауи өнердің синтезінде құрылған. Өнердің қайнар көзі ұлттық өзектен нәр алады. Сәуле Бапанова ғаламдағы бүкіл дүниені көркем қиялы  арқылы біртұтас етіп асқан шеберлікпен құрастыра білген. Суретшінің жүнді ерекше технологияда және түрлі материалдармен кіріктіріп басылған құрақтары ерекше. 

Фото - Фото - Фото -

Әлібай Бапанов 1981 жылы Алматының көркемсурет училищесінде оқытушы және "Өнер" бейнелеу өнері комбинатында монументалдық кескіндемеші ретінде шығармашылық еңбек жолын бастады.

Сәуле Бапанова ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Т.  Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессоры.

Ағын Бапанов 1999 – Республикалық көркемсурет колледжі, кескіндеме және мүсін бөлімін тәмамдады. 2006 – КИМЭП, маркетинг менеджері, іскерлікпен басқару магистрі; 

Көрменің жетекшісі - Гүлайым Жұмабекова 






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!