Жуырда Қазақстандық жас жұбайлар тойын көгілдір экраннан тамашалайтын боламыз

Фотография - Жуырда Қазақстандық жас жұбайлар тойын көгілдір экраннан тамашалайтын боламыз

Фото: 31.kz

Мұндай ерекше жаңалыққа 31 арна мұрындық болып отыр.

2886 1

"Той десе қу бас домалайды" дейтін қазақ, бар жиған тергенін ұл-қызының тойына шашу етеді. Қазақтың той-думаны сән-салтанаты жағынан ешкімге дес берер емес. Той дегенде көпшілігіміздің құлағымыз елең ете қалады. "Тойдың боларынан, боладысы қызық" демекші, болар тойға бір ай бұрын дайындық басталады. Тойшыл халық болғандықтан, бір күндік тойымыз кем дегенде (құдалығы бар, құдай тамағы бар) бір аптаға созылып кететін кездер де бар. Той өтісімен бірнеше күн өткесін дүйім жұртты шақырып "той дискісін" тамашалаймыз. Сонымен қазақтың "отыз күн ойын, қырық күн тойын" дегеніне жан бітіреміз.  Ендігі кезекте қазақтың тойын көгілдір экраннан көретін боламыз. Қазақстанда "Реалити шоу" жасап, елді таңқалдырудан жалықпайтын, әрдайым қызықты бағдарламаларымен көзге түсіп, көрермен көзайымына айналған 31 арнаның ұсынып отырған жаңа жобасы "Келіндер сайысы" деп аталады.  Бүгін "Мирас" салтанат сарайында жаңа жобаның таныстырылымы өтті. Іс-шараға БАҚ өкілдері, эстрада жұлдыздары және де Арна басшылығы мен ұжымы қатысты. 

Арна  ұйымдастырған жасанды той кеші ел тойынан ешбір қалыспады. Зәулім салтанат сарайы, жайылған дастархан (фуршет), құда-құдағи, беташар және де эстрада жұлдыздары той сәніне көрік берді. Той асабасы Бейбіт Сарыбай әзіл әңгімелерімен, ұғынықты қара сөзбен той біткенше жиылған жұртты жалықтырмады. Айтпақшы, Отау құрып отырған, бойжеткендердің арманынан айналған, актер әрі тележүргізуші Тәуекл Мүслім. Той соңы қалыңдықтың гүл лақтыру үрдісімен аяқталды. 

Фото - Фото: © 31 арнаФото - Фото: © 31 арнаФото - Фото: © 31 арнаФото - Фото: © 31 арнаФото - Фото: © 31 арнаФото - Фото: © 31 арнаФото - Фото: © 31 арнаФото - Фото - Фото - Фото: © 31 арнаФото - Фото: © 31 арна

Сонымен, реалити шоу жайлы - жоба барысында 4 қалыңдық бір-бірінің тойына барып, әрқайсысының мерейтойын бағалайтын болады. Оның ішінде: мәзір, залдың безендіруі, қызықты ойындары мен қалыңдықтың бейнесі.

"Келіндер бәйгесі" - интрига, ащы шындық, той алдындағы қобалжулар ғана емес. Әр бөлімін көрген көрермендер, болашақ немесе тойға дайындалып жүрген қалыңдықтар өздерінің тойына керек кеңестер ала алады. Ең әдемі той көйлегін қалай таңдау керек, қандай қызықты ойындар ойластыру, бірінші және екінші дастарханға не қою керек, қомақты қаражат жұмсап, немесе ақшаны үнемдеп-ақ той өткізуге бола ма? Осы сұрақтардың барлығына жауапты "Келіндер бәйгесі" жобасынан 28 наурыздан сағат 23:00,  31 арнадан көре аласыздар!





Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Жомарт 15 нау. 2016

Керемет 👍

Жауап беру