Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған қайырымдылық концерті өтеді

Фотография - Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған қайырымдылық концерті өтеді

Бұл күні сахна төрінде Құрманғазы атындағы консерваторияның студенттері мен әртістері марқұмның әндерін шырқайды.

275 0

2 сәуірде Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған қайырымдылық концерті өтеді. Бұл туралы BNews.kz-ке Шүкенов атындағы қордың директоры Олжас Байқанов айтты.

Концерттен түскен барлық ақшаны ұйымдастырушылар марқұм Батырханның жүзеге асыра алмай кеткен жобаларын қолдау мақсатында әншінің қорына аударуды көздеп отыр.

"Оның жоспарлары көп болатын. Еліміздің әр облыс орталығында заманауи мәдени сарайларын, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі педагогтарды тарту арқылы кәсіби дыбыс режиссурасы мектебін ашуды армандайтын", - дейді Байқанов.

Бұл күні сахна төрінде Құрманғазы атындағы консерваторияның студенттері мен әртістері марқұмның әндерін шырқайды.

Биыл сәуір айында әнші Батырхан Шүкеновтің қайтыс болғанына бір жыл толады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!